«Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті!»

2016 жылдың 8 ақпан күні Абай саябағында орналасқан Даңқ мемориалында ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес ТМД шекарасын тәжік-ауған аумағында қорғау бойынша ұлтаралық борышын өтеген қазақстандық батальонның шығуына 15 жыл толуы және соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алу іс-шарасы өткізілді.

709 1

Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлерінің Одағы ұйымдастырған бұл шараға ОҚМФА жастар саясаты бөлімі және әскери кафедрасы, тіршілік қауіпсіздік негіздері пәнінің оқытушылары белсене ат салысып, ұйымдастыру кезеңінен бастап өткізілуіне дейін жауапты қызмет атқарды.

709 2 

Іс-шараны толығымен гүл шоқтары мен гүл себеттерімен қамтамасыз етті. Іс-шара соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алу рәсімімен басталып, аспанға оқ атылды.

709 3 

Қаза болған жауынгердің анасымен пікір алмасып, «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» кафедрасының оқытушысы Жақсылықкеліні Ұлжан Ақмолдақызы журналистерге сұхбат берді. ОҚМФА оқытушылары мен әскери киім киген ОҚМФА белсенділері әскери әуеннің ырғағымен ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Жоғары деңгейде өткізілген бұл шара көпшіліктің есінде сақталары анық.

 709 4

13.02.2016, 07:15
483 қаралым