Эрасмус+ LMQS жобасы бойынша 4-ші халықаралық басқару тобының (GPI) кездесуі

2023 жылдың 6-10 қараша аралығында Нахичеван мемлекеттік университетінің базасында Эразмус+ LMQS жобасы шеңберінде Қазақстан, Әзірбайжан, Франция, Греция серіктестерінің жұмыс кездесуі өтті.
Қазақстанан бес ЖОО қатысты: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (медицина факультеті), Қазақ ұлттық медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Көкшетау мемлекеттік университеті (медицина факультеті), Қазақстан-Ресей медициналық университеті. Әрбір серіктес ЖОО ағымдағы нәтижелер, жабдықтарды сатып алу, тағылымдамадан өту туралы баяндамалар ұсынды. ЖОО білім беру бағдарламаларын бағалауда қолданылатын сапаны арттыру жоспарлары, көрсеткіштер мен сапа критерийлері туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ, Әзірбайжан және Қазақстан серіктес университеттерінің әрқайсысының дидактикалық киберкеңістігін (электрондық ресурстарын) таныстырды.
Жоба аясында осы кеңістікке жаңа оқыту ұсынысын қосу үшін қолдау, оқыту және ресурстар қажеттіліктері жайында айтылды.
Батыс Аттика университеті (Греция) қос дипломдық келісім процедурасының типтік моделін ұсынды. Кездесу бағдарламасы толық көлемде орындалды, басқару тобының (GPI) келесі халықаралық кездесуі қазақстандық ЖОО базасында келесі жылдың көктеміне жоспарланған.

14.11.2023, 16:17
353 қаралым