Эпилептологияның өзекті мәселелері

«Неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия» кафедрасы 2023 жылдың 3 наурызында «Айдана Плаза» қонақ-үйінде Неврологиялық Қоғамның отырысын өткізді. Кафедра меңгерушісі, профессор Жаркинбекова Н.А. «Оңтүстік Қазақстандағы эпилепсия, бірінші эпилепсиялық ұстаманы емдеу тактикасы және болжамы» атты баяндама жасады. Кафедра ассистенті Есетова А.А. «Балалардағы Вест синдромы» атты баяндама оқыды.
Алматыдан профессор Шашкин Ч.С. командасы келіп, «Эпилепсияның хирургиялық емі», «Хирургиялық емдеуге науқастарды таңдау әдістері», «Эпилепсияға арналған нейрохирургиялық операциялардың түрлері» тақырыптарында баяндамалар жасады. Көрсеткіштер мен нәтижелер».
ОКА невропатолог дәрігері Барат Ж.М. «Шашыраңқы склероз мәселелері» атты баяндама жасады.
Бұл кездесуде біліктілікті арттыру циклдері, санаттар туралы сұрақтар, неврологиялық көмек көрсету стандарты туралы, склероз кабинеті туралы, невропатолог клубының ашылуы туралы, қызықты клиникалық жағдайларды талдау, қызықты тақырыптарды ұсыну, және инсульт мектебінің жұмысын ұйымдастыру туралы талдаулар жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы және Шымкент қаласының дәрігерлері, практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері, 1 және 2 курс невропатолог-резиденттері, сондай-ақ неврология кафедрасының ассистенттері қатысты.

07.03.2023, 11:44
574 қаралым