Еңсесі биік – ұлы Жеңіс!
2023 жылдың 4 мамыр күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «7-мамыр Отан қорғаушылар күні» мен «9-мамыр Жеңіс күніне» орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының үлкен мәжіліс залында мемлекеттік ту көтеріліп, ән ұран шырқалды. Сонымен қатар, академия студенттерінің арасында «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант жазылды. Ары қарай іс шара салтанатты кешпен жалғасын тапты.
Биыл еліміздің Қарулы күштеріне 31 жыл және Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 78 жыл толып отыр. ОҚМА ректоры, профессор М.М.Рысбеков салтанатты іс-шараны ашып, ұжымдастар мен студенттерді Жеңіс күнімен құттықтап, мереке күндерінің маңызы мен тарихына тоқталып өтті.
Іс-шара басқарма қызметкерлері мен белсенді студенттер әзірлеген концерттік бағдарламаға жалғасты.
9 мамыр – мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы, бұл жанкештілікпен жеңіске жету жолындағы ерен еңбек. Біздің азаматтық парызымыз – бұл күнді мәңгілік есте сақтау, отанды сүю, елдің, жердің адал перзенті болу.
Барша академия қызметкерлері мен білім алушыларын «7-мамыр Отан қорғаушылар күні» мен «9-мамыр Жеңіс күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!