«Еңбек нарығында сұранысқа ие медициналық мамандарды даярлау сапасын арттыру»

2024 жылғы 25 қаңтарда «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ-да «Еңбек нарығында сұранысқа ие медициналық мамандарды даярлау сапасын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары: медицина факультетінің деканы, интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканы, резидентура бөлімі, ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы, ҮКДФ және "ОҚМА"АҚ басшылығы.
Дөңгелек үстел жиынына қатысушылар саны 178-дан асты. Олардың ішінде: Шымкент қаласы, Түркістан облысы практикалық денсаулық сақтау басшылары, "ОҚМА" АҚ басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы (оффлайн) және Павлодар, Қызылорда,СҚО, Атырау,Жамбыл облыстарының тәжірибелік денсаулық сақтау басшылары болды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қазіргі жағдайда ғылыммен және тәжірибемен интеграциялау арқылы медициналық білім беру сапасын арттыру, жұмыс берушілердің сұраныстары мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, БББ бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
ЖОО мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылы ЖОО қызметінің сапасы мен сенімділігінің маңызды көрсеткіші, оның білім беру нарығы мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды критерийлерінің бірі болып табылады.
Дөңгелек үстел-бұл мүмкіндіктерді іске асыруға арналған алаң:
• жұмыс берушілер үшін: тәжірибелік қызметке даярланған жас мамандарды алу, оларды даярлау процесіне қатысу және оларды даярлау сапасына ықпал ету мүмкіндігі;
• ЖОО үшін: білім беру процесін және өндірістік практиканы сапалы ұйымдастыру мүмкіндігі, сондай-ақ білім алушының одан әрі жұмысқа орналасуы.
Дөңгелек үстелдің модераторы ОӘжТЖ бойынша проректор, м.ғ.д. М. У.Анартаева болды.
Дөңгелек үстел барысында тәжірибелік денсаулық сақтау үшін әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру және түлектердің сәтті жұмыс істеуі үшін қажетті құзыреттер, сондай-ақ тәжірибелік денсаулық сақтау саласы мен академияның оларды дамытуға болатын өзара іс-қимыл форматтары талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің өзектілігі мен маңыздылығын растады, жоғарыда аталған мәселелерді әрі қарай талқылауға жоғары қызығушылық танытты және Академиямен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Олар мамандарды сапалы даярлау шарттарының бірі тек өзара іс-қимыл ғана емес, академияның жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастығы, яғни барлық мүдделі тараптардың іс-қимылдарының келісілуі, олардың арасында өзара түсіністіктің болуы және жағдайдың жалпы көрінісін жасауға ұмтылу болып табылатынын атап өтті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарар (резолюция) қабылданды:
1.Түлектердің жұмыспен орналасуы бағытында барлық өңірлердегі жұмыс берушілермен бірлесе жұмыстар атқару. Түлектер мен жұмыс берушілер арасындағы кері байланысты бағалау.
2.«ҮЗДІКСІЗ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ» бағдарламаларының мақсаттары мен миссиялары және оқу нәтижелерінің денсаулық сақтау саласын дамытудағы заманауи талаптарға жауап беруін қамтамассыз ету.
3. Академия мен денсаулық сақтау саласы ұйымдары арасындағы білім беру және ғылыми коллаборацияны нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін үнемі дамыту.
4. Медициналық кадрларды даярлауда базаларда тәжірибеден өту және клиникалық дағдыларды меңгеру мүмкіндіктерін арттыру.
5. Жұмыс берушілермен денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және іске асыруды үнемі жетілдіріп отыру
6. Резидентурада мамандарды даярлауда тәлімгерлердің біліктілігін жетілдіру

07.02.2024, 15:01
343 қаралым