Ең үздік болашақ педиатр-дәрігер
Педиатр мамандығы – аса жауапкершілікті, шыдамдылықты, өз ісіне деген сүйіспеншілікті қажет ететін ұлы мамандық. Педиатр – бала жанының арашасы,бала жанының зерттеушісі, бағдаршамы, қорғаны. Бала өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді.
16. 02.2024 ж. «Педиатрия-2» кафедрасында, 3 курс педиатрия мамандығы бойынша оқитын білім алушылармен бірге, «Ең үздік болшақ педиатр-дәрігер» атты интеллектуальды ойын ойнатылды. Ойын барысында, болашақ педиатрларға білім деңгейін анықтау мақсатында, медициналық сұрақтар қойылды. Интеллектуальды ойын 5 кезеңнен тұрды.
1.Таныстыру кезеңінде, білім алушылар, өздерінің топ атауын, оның мағынасын, мақсатын таныстырды.
2.Сұрақ-жауап кезеңінде, 10,20,30 баллдық сұрақтарға жауап берді.
3.Тест сұрақтары кезеңінде, әр топқа тест беріліп талқыланды.
4.Ситуациялық есептер кезеңінде, клиникалық ситуацияға негізделген сұрақтарға, топтық жұмыспен талқыланып, болжамды диагноз қойылып, сұрақтарға жауап берілді.
5.ОСКЕ кезеңінде, практикалық дағдыларды көрсетті.
Білім алушыларды, «Педиатрия-2» кафедрасының ПОҚ бағалады. Нәтиже бойынша,
І орын – ПҚ-02-21 тобы;
ІІ орын – ПО-03-21 тобы;
ІІІ орын – ПҚБ-01-21 тобы иеленді.
Орын алған педиатр топтары, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. І орынға арнайы сыйлық табысталды.