«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» сайысы

2016 жылдың 6 желтоқсан  күні техникалық және кәсіби білім беру факультетінің, жастар саясаты бөлімінің, «Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен», «Гигиена-1 және эпидемиология», «Стоматологиялық пәндер» және «Шет тілдері» кафедраларымен бірлесе отырып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 - жылдығы қарсаңында жастардың бойында отансүйгіштік- патриоттық, адамгершілік сезімін қалыптастыру, рухани  байлығын дамыту, талантты жастардың шығармашылығын шыңдау мақсатында «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында «Емдеу ісі», «Медбикелік іс», «Фармация» және «Стоматология» мамандықтары  арасында сайыс ұйымдастырылып өткізілді.

883 1

Байқауға  «Емдеу ісі» мамандығынан «Жедел жәрдем» тобы, «Медбикелік іс» мамандығынан «Мейірімді медбикелер» тобы, «Фармация» мамандығынан «Фармлайн» тобы және «Стоматология» мамандығынан «Болашақ стоматологтар» топтары құрылып сайысқа түсті. 

Қатысушылар  төрт кезең бойынша сайысқа түсті :

1. Таныстыру , сұрақ-жауап   
2. Ән (жанды дауыста)
3. Поэзия    
4. Би   

883 2

Сайыскерлер сайыста өз өнерлерімен, білімділігімен, шеберлігімен және тапқырлығымен көрермендерді таңқалдырды. Сайыс өте қызықтыда, тартысты өтті. Өнерлі студенттердің  демеушілік етуімен арасында ән шырқалып, мың бұралған бишілер билеп, КТК –ның жігіттері әзілдерімен көрерменнің көңілінен шықты. Сайыстың нәтижесі әділ-қазы алқасының шешімімен қорытындылай келе жеңімпаз топтар анықталды.

Сайыста «Жедел жәрдем» тобы І - ші орынды, «Мейірімді медбикелер» тобы ІІ - ші орынды иеленді. «Болашақ стоматологтар» тобы «Шығармашыл топ», ал «Фармлайн» тобы «Ізденімпаз топ» номинацияларымен марапатталды. 

Сартай Жұлдыз «Күміс көмей», Ақбердиев Имран «Дала өрнегі», Жұманазар Диана «Үздік топ басшы», Ермекбаев Абылайхан «Асыл сөз», Бекзатов Болысбек «Ең үздік музыкалық аспапта ойнау» номинацияларымен марапатталды.

883 3

Студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Баймбетова барлық қатысушы топтарға  бағалы сыйлықтарын табыстады.

Факультет деканы М. Отыншиев іс-шараның соңында сөзге шығып, жастардың бойынан отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілікті және болашаққа сеніммен қадам басқан тәуелсіз елдің батыл да, намысты ұрпақтарын байқағандығын айта келе, сайыстың өткізілуіне қаржылай демеушілік еткені үшін студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Баймбетоваға, ұйымдастыруға өз үлесін қосқаны үшін факультеттің әдіскері  С. Құдайбергеноваға және кафедра меңгерушілеріне, ат салысып, белсене қатысқан белсенді студенттергеде өз  алғысын  білдіріп,  «Алғыс хаттармен»  марапаттады.

08.12.2016, 05:58
338 қаралым