Еліміздің ең үздік студенттері ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стипендиаттары атанды

2017 жылының 22 қараша күні Алматы қаласында ҚР Тұңғыш Президенті қорының студенттік стипендиатын анықтау үшін жыл сайынғы республикалық байқаудың нәтижесі белгілі болды. Бұл жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының арнайы стипендиясын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының І курс магистранты Ворошилова Наталья иеленді.

 

1199

ЖОО білім алушылары Н.Назарбаев Қорының стипендиат атану үшін күрделі іріктеу байқауынан өтті. ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стипендиясы –оқу үлгерімі, ғылыми жұмыс, қоғамдық өмір белсенділігі үшін ынталандыру ғана емес,  үлкен жетістіктерге және мақсаттарға жетуге талпыныс болып табылады.

Байқауға жалпы 50 студенттен өтініш түсті. Білім алушылар Астана, Алматы, Ақтөбе, Арқалык, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларынан болды. Оның ішінен 80 үздік болып тандалды. Үміткерлер GPA жоғары көрсеткіштеріне ие болып қана қоймай, ғылыми және шығармашылық салада да белсенді болуы тиіс екенін атап өту керек.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының стипендиаттарын марапаттау рәсімі Алматы қ. Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет  театрында гала-концерт түрінде өтті. 

 

23.11.2017, 21:56
392 қаралым