«Елдіктің – жеті тұғыры» атты кездесу

2021 жылдың 3 желтоқсан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» тақырыбында кездесу өтті. Аталған кездесуге Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының орынбасары М.О.Қалмұратов және "Nur Otan" партиясы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау аймақтық қоғамдық кеңес төрайымы Г.Ә.Шунғараева, ОҚМА ректоры М.М.Рысбеков, ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ» атты қағидаттар жиынтығы туралы сөз қозғады. Бастауыш партия ұйымының басты міндеттерінің бірі: Президент жолдауы талаптарын жүзеге асыруға барлық партия құрылымдарын белсенді қатыстыру екендігін жеткізді. Сондай-ақ, жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен «Nur Otan» партиясының Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы іс-шараларды қадағалау, партиялық жобаларды ілгерілету жұмыстарына бұқараны жұмылдыру болып табылатынын айтты.
Сөз кезегін алған «NUR OTAN» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары М.О.Қалмұратов: «ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ» жайлы құнды пікір айтып, орамды ойын білдірді.

Ары қарай іс-шараны Тұңғыш президентіміз жайлы баяндамаларымен Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Б.Өтегенов және ОҚМА «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Әбдіғаппар Ерден Бақбергенұлы жалғастырды.
Іс шара студенттердің сұрақ жауабымен аяқталды.

03.12.2021, 23:25
556 қаралым