«Елбасы жолы – Тәуелсіздік тұғыры» атты кездесу

2021 жылдың 30 қараша күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне» орай «Елбасы жолы – Тәуелсіздік тұғыры» атты кездесу өтті. Аталған кездесуге Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Қ.М.Сүлейменов, Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы мәселелері» жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Е.С.Серкебаев, ОҚМА ғылым-клиникалық жөніндегі проректоры Б.Қ.Нұрмашев, Фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасының профессоры Б.О.Торланова, Фармация факультетінің деканы Ғ.Ө.Жаңбырбаева, ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Іс-шараны ашып берген ОҚМА ғылым-клиникалық жөніндегі проректоры Б.Қ.Нұрмашев Әлемдегі барлық халық үшін ең биік мақсат азаттық, елі мен халқының Тәуелсіздігі. Осы жолды ата-бабаларымыз аңсады және қаһармандықпен күрескені баршамызға аян екенін айтты. Сөз кезегін алған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Қ.М.Сүлейменов пен Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы мәселелері» жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Е.С.Серкебаев: студент жастарымызға Елбасымыздың жақында жариялаған «Тәуелсіздіктің жеті тұғыры» жайында айтып, Елбасының жүріп өткен дара және сара жолы жайында сөз қозғады. Фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасының профессоры Б.О.Торланова және Фармация факультетінің деканы Ғ.Ө.Жаңбырбаева Елбасымыз туралы, тәуелсіздігіміз туралы айтып өтті.

Іс шара студенттердің сұрақ жауабымен аяқталды.

30.11.2021, 00:39
385 қаралым