Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауы

09.10.2018ж. ОҚМА үлкен мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауы талқыланды. 

1244 1

Іс шараны ОҚМА оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі проректоры М.Ұ.Анартаева бастап, Елбасымыздың Жолдауы – Қазақстан Республикасының кемел келешегін бағдарлайтын, дүниежүзілік деңгейде өзінің беделін асқақтатып көрсетуіне негіз болатын, елдің болашағы үшін тереңнен толғанып шешілген өте маңызды тарихи құжат екендігін атап кетті. 

1244 2

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Ж.О.Нұржанбаева, доцент Ғ.С.Айдарбекова баяндама оқып, қазіргі әлеуметтік жағдайда жолдауда айтылған  өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, оң өзгерістер болатынына сенім білдірді.

1244 3

Студенттік ректор Қ.А.Иембердиев Елбасымыздың келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынғандығын атап өтіп, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасының қалыптасатындығын, бұл дегеніміз жастарға зор ынталандыру болатындығын айтып кетті және әрбір азаматты, жастарды, еліміздің өркендеуіне ат салысуға шақырды. Қатысушылардың барлығы жолдауды қолдап, алдағы уақытта оның жүзеге асуына өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.

1244 4

15.10.2018, 22:56
338 қаралым