Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын талқылау

669 2

2015 жылдың 30 қараша күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының үлкен мәжіліс залында академия басшыларының ұйымдастыруымен және әкімшілік-басқарушы құрамының, бөлім басшыларының, кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамының, аға тәлімгерлер мен тәлімгерлердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті -  Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы тікелей эфирде көрсетілді.

669 3

2015 жылдың 3 желтоқсан күні ОҚМФА-ның үлкен мәжіліс залында кеңейтілген ғылыми кеңесі өткізіліп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа Жолдауын академия қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері талқылап, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Кеңесті ОҚМФА оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Анартаева Мария Ұласбекқызы ашып, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қ.Б.Кемелбеков, фармацевтика факультетінің деканы – Н.Ж.Жұмабаев, кәсіподақ ұйымының төрағасы – Е.Қ.Сәлім және студенттік ректор – Ж.Исакулов баяндама жасады.

669 1

Елбасының Жолдауы бойынша желтоқсанның 4-7 күні аралығында факультеттердің ұйымдастыруымен факультет кеңестері өткізіліп, кеңесті медицина факультетінің деканы м.а. – Аширов Бауыржан Отарбайұлы, фармацевтика факультетінің деканы – Жұмабаев Нарбек Жұмабайұлы, ТжКББФ деканы Отыншиев Мұхтар Әуезұлы ашып берді. Кеңесте Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі М.А.Жанысбеков, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қ.Б.Кемелбеков, морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеология курсымен кафедрасының меңгерушісі Л.Д.Жолымбекова, стоматологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Нұрғазиева Галима Аманбекқызы, студенттік кәсіподақ төрайымының орынбасары Н.Ворошилова, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының студенті А.Ж.Серікбаева, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Н.Н.Жұмабаев, факультеттің белсенді студенті Ембердиев Қайрат Айдосұлы баяндама жасады.

18.12.2015, 03:37
420 қаралым