«Ел бірлігі – Тәуелсіздік тұғыры» аталатын зияткерлік олимпиада

837 1

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», «Гигиена-1 және эпидемиология», «Гигиена-2», «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедралары қызметкерлерінің  және студенттердің кәсіподақ ұйымының  ұйымдастыруымен 2016 жылдың 20 қазанында 1-5 курс студенттерінің «Жалпы медицина», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтарының арасында «Ел бірлігі – Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында Қазақстан Республикасы Егемендігінің 25 жылдығына арналған зияткерлік олимпиадасы өткізілді.

837 2

Зияткерлік олимпиаданың негізгі мақсаты - қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, академия студенттерінің шығармашылық қабілеттерін айқындау және креативті ойлау деңгейін дамыту,  олардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру,  оларға кәсіптік бағдар беруге және білім алуды жалғастыруға жәрдемдесу.

837 3

Зияткерлік ойынды «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенті Шораев Даулет жүргізді. Мұнда 13 команда қатысты, оның 5 командасы финалға өтті. Негізгі сайыс 3 топтың арасында қанат жайды: «Потомки Сократа»- 203 КДСО тобының студенттері, «Dreаmteam»- 203 ТФПР студенттері және «Sesh» - 203 КДСО тобының студенттері.

837 4

Ойынның 4 туры нәтижесінде «Потомки Сократа» командасы жеңіске жетті, 2-ші орынға «Dreаmteam» командасы, 3-ші орынға «Sesh» командасы  ие болды, студенттік кәсіподақ ұйымынан ақшалай сыйлықтар алды. Барлық қалған қатысушылар құнды сыйлықтармен марапатталды.

Соңында, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы менгерушісінің орынбасары, аға оқытушы С.М.Тасқынбаева мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті және барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғысын айтып, келесі номинациялар бойынша  марапаттады: «Ең үздік топ- Потомки Сократа», «Ең үздік капитан- Шамуратов Шахзод » және «Ең үздік ойыншы- Саидкаримов Эльшад».  

25.10.2016, 04:14
406 қаралым