«Екі жұлдыз» жобасы

691 1

2015 жылдың 30 желтоқсан күні жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен ОҚМФА-ның үлкен мәжіліс залында «Екі жұлдыз» жобасы өткізілді. Мерекелік іс-шараны академия ректоры Б.Сексенбаев ашып, профессор-оқытушылар құрамы мен академия қызметкерлерін алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

691 3 

«Екі жұлдыз» жобасына морфологиялық және физиологиялық пәндер кафедрасының профессоры Сисабеков Қасымхан Ермекбайұлы мен мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова Айзат Әшімханқызы «Қарағым-ай» әнімен, стратегиялық жоспарлау және сапа менеджмент жүйесі  бөлімінің басшысы Торланова Ботакөз Оңғарқызы мен жастар саясаты секторының жетекші маманы Қарсақбаев Мұхит Серікұлы «Качается вагон» әнімен, медицина факультетінің деканы – Долтаева Бибігүл Зайдуллақызы және дене шынықтыру, валеология курсының меңгерушісі – Аширбаев Орынбасар Атырханұлы «Айналайын» әнімен шығып, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі.

691 4 

Қатысушыларды кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы арнайы дипломмен және сыйлықтармен марапаттады.

 691 6

Жобаны жаңа жылмен тұспа тұс келуіне орай Аяз ата мен Ақша қар жүргізіп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның соңы жалпы қатысушылардың орындауындағы «Жаңа жыл» әнімен аяқталды.

13.01.2016, 05:44
432 қаралым