Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған
2022 жылдың 1-ші желтоқсанда жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған Форум өтті, оған үздіксіз кәсіби даму факультетінің курсанттары - Түркістан облысы мен Шымкент қаласының барлық аудандарынан келген дәрігерлер қатысты.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің мақсаты-АИТВ және ЖИТС туралы жаһандық хабардарлықты арттыру және пандемия жағдайында халықаралық ынтымақтастықты көрсету. Бұл күні пандемияның жай-күйі туралы ақпарат таратуға және АИТВ мен ЖИТС-тің алдын алу мен емдеуде, сондай-ақ аурудың таралуы өте жоғары елдерде және бүкіл әлемде науқас адамдарға күтім жасауда ілгерілеуге нақты мүмкіндік беріледі.
Елімізде 2022 жылғы 1 наурызға АИТВ-инфекциясын жұқтырудың 47 075 жағдайы тіркелді, оның ішінде 2 542 шетелдік азамат, 540 – жасырын тексерілген және 43 993 адам қазақстандықтар. АИТВ-мен ауыратын адамдардың негізгі жас тобы (90%) 15 пен 49 жас аралығында.
Форумда АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайды, диагностиканың, емдеудің және алдын алудың заманауи әдістері бойынша өзекті тақырыптағы баяндамалар айтылды.Форум жұмысына Тұрдымұратова Г.Е., Маркабаева Б.С. және Ахылбекова Г.Т белсенді қатысты.
Үздік баяндама мен викторина қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды.