Дүниежүзілік даму банкі аясындағы жобаның жүзеге асуы

«Тәжікстан Республикасындағы фармацевтикалық білім берудің инновациялық дамуы» жобасының аясында ОҚМА оқытушылары 15-19 қараша аралығында Абуали ибни Сино атындағы ТММУ профессор-оқытушыларына бірнеше тренинг пен семинарлар өткізді.
ОҚМА бірінші проректоры, профессор М.М. Есіркепов салтанатты мәжілісте ТММУ ректоры, профессор М.Қ. Гульзодаға Академияның аса құрметті профессорының дипломын табыс етті. Әрі қарай М.М. Есіркепов жұмыс тобымен ғылыми зерттеулердің әдістемелері бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

ТММУ оқытушыларының сұранысы бойынша профессор С.Қ. Ордабаева мен доцент А.Д. Серікбаеваның тренингтері фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы мысалындағы студенттердің объективті құрылымды тәжірибелік емтиханы мен белсенді оқыту әдістері, соның ішінде «Нақты ситуацияны талдау» әдісі сұрақтарына арналды.

Профессор К.Д. Шертаева білім алушылардың критериалды бағалануы мен «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру» және «Фармацияны басқару мен экономикасы» өндірістік тәжірибелерін өткізудің әдістемелік тәсілдерін қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Доцент А.Г. Ибрагимова мен профессор Б.А. Сағындықова «Білім беру бағдарламаларын жасау мен жаңарту», «Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету» тақырыптарына тренинг өткізді. «Фармация» мамандығы бойынша модульді білім беру бағдарламасының горизантальдіинтеграциясы, жобалау негізіндегі білім беру,пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендерді жасауға тоқталып кетті.

ОҚМА ғалымдары Тәжікстан Республикасының 30-жылдық тәуелсіздігі мен фармацевтикалық факультеттің 40-жылдығына арналған Бірінші халықаралық фармацевттер Конгресіне белсенді қатысты. Конгреске Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, алыс шетел ғалымдары, тәжірибелік жұмыс берушілер, ірі фармацевтикалық өндірістер, бизнес құрылымдардың басшылары, ғылыми және тәжірибелік жұмыскерлер қауымдастықтары қатысты.
Конгрестегі өзінің алғы сөзінде профессор К.Д. Шертаева ОҚМА ұжымы атынан ТММУ басшылығы мен ұжымына бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында құзыретті кадрларды даярлауда білім берудің кредитті-модульді жүйесін енгізуге арналған семинарлар үшін қолайлы жағдайлар жасалғандығына үлкен алғысын білдірді. ОҚМА ректоры, профессор М.М. Рысбеков атынан ТММУ ректоры, профессор М.Қ. Гульзодаға естелік сыйлық ұсынылды.

ОҚМА ғалымдары Конгрестің пленарлық және секциялық мәжілістеріне белсенді қатысты. Профессор С.Қ. Ордабаевамен доцент А.Д. Серикбаеважаңа дәрілік заттарды жасау мен стандарттау саласы, дистанционды режимдегі кредитті-модуль жүйесі жағдайындағы инновациялық білім беру әдістерін қолдану тәжірибесімен бөлісті. Аудитория тыңдармандарынимидазолдың жаңа туындысын физика-химиялық әдістер көмегімен анықтаудың фармакопеялық әдістемелерін жасау, ЖЭСХ әдісінің ерекшіліктері, жылжымалы фазаны теңестіру, қоспаларды анықтау және т.б. сұрақтар қызықтырды.
Профессор Б.А. Сағындықова аудиторияны кредиттті-модульді жүйе жағдайындағы дәрілер технологиясын оқытудың тәжірибесімен таныстырып кетті. Доцент А.Г. Ибрагимованың баяндамасы фармацевтикалық дайындық бағдарламасындағы жобалау білім беруіне арналды.
Конгресс қатысушылар Орта Азия елдеріндегі тәжірибемен салыстыра отырып Тәжікстан Республикасындағы фармацевтикалық өндірісті дамыту, дәрілік саясатты реттеу мәселелерін қозғады.

Жұмыс тобы өзінің іс-сапарын «Білім беру үрдісін эффективті жоғарлатудағы инновациялық технологиялар» дөңгелек үстеліндегі жұмысымен аяқтады. Дөңгелек үстел қатысушылары семинардан алған әсерлерін айтып, алған ақпарат материалдарынан білім беру бағдарламаларын жетілдіру жолдарына қажеттісін анықтап қойғандықтарын білдірді, сонымен қатар екі ЖОО арасында ғылыми бағыттар бойынша бірлескен жоспарларды талқылады.

Қорыта айтқанда, ОҚМА фармация факультетінің заманауи тәжірибесі ТММУ фармацевтикалық факультетінің оқу үрдісіне инновациялық білім беру технологияларының арсеналы мен кредиттік жүйенің модульді-бағытталған білім алуды ендірудің эффективті жолы болып табылды.

29.11.2021, 11:09
488 қаралым