Дүниежүзілік банк жобасы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру

Жаңа оқу жылдың қыркүйек айының соңғы аптасында Оңтүстік-Қазақстан медицина академиясына (ОҚМА) дүниежүзілік банктің «Тәжікстан Республикасында фармацевтикалық білім берудің инновациялық дамуы» жобасының аясында Абу Али Ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің (ТММУ) бір топ оқытушылары келді.
Дүниежүзілік банктің ОҚМА мен ТММУ арасындағы жобасы 2020 жылдың сәуірінен бастап жүзеге асырылуда, онда ОҚМА консультациялық рөл атқарады. Білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша семинарлар және «Фармация» мамандығы бойынша бітірушінің құзыреттілік моделін әзірлеу сияқты бірқатар іс -шаралар онлайн режимінде жүзеге асырылды.
Бұл ТММУ қызметкерлерінің алғашқы оқу іс-сапары, сонымен қатар өнеркәсіптік фармация саласындағы оқу курсын ұйымдастыруы.

Фармация факультетінің мамандандырылған кафедраларында іс-сапар бағдарламасын орындау мақсатында кафедралар ұжымымен, академияның инфрақұрылымымен, оқу процесін ұйымдастырумен, оқу-әдістемелік және ОҚМА профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстыру жүргізілді, модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша кеңес берілді.
Оқу нәтижелерін талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды:
- «Өндірістік фармация» пәні бойынша танысу және оқытудың нәтижелері талқыланды (пікір алмасу, ұсыныстар және т.б.).
Делегацияға кафедра тарихы, колледж, бакалавр, магистратура мен докторантураға арналған білім беру бағдарламалары бойынша презентациялар ұсынылды. Негізгі және элективті пәндерді сонымен қатар университет ұсынған пәндер көрсетілді.
«Фармацевтикалық қызметті ұйымдастырудың негіздері» (3 курс) және «Фармация менеджменті мен экономикасы» (4 курс) пәндері бойынша өндірістік тәжрибенің ұйымдастырылуын көрсетілді.

ТММУ әріптестері «Фармациядағы физико -химиялық әдістер» тақырыбындағы практикалық сабаққа: ультракүлгін спектрофотометрия, ИҚ спектроскопиясы, жоғары өнімділік сұйық хроматографиясы арқылы дәрілік заттарды талдаулар жасауға қатысты.

Тәжікстаннан келген қонақтарға Шымкент пен Түркістан қалаларында мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.

05.10.2021, 12:14
487 қаралым