ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ – КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕПІЛІ

Академияның фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының "Химфарм" АҚ-мен ынтымақтастығы аясында 2014 жылдан бастап "Фармация" білім беру бағдарламасының соңғы курс студенттерін "Дәрілік заттарды стандарттау және метрология" пәні бойынша дуальды оқыту жүзеге асырылуда.
Дуальды оқытудың мақсаты кәсіби құзыреттіліктің қажетті деңгейіне ие жоғары білікті түлектерді қалыптастыру болып табылады. Осылайша, студенттердің өз саласында қажетті тәжірибе жинақтауға тамаша мүмкіндігі бар, ал жұмыс берушілер ең жақсы студенттердің арасынан қызметкерлерді таңдай алады.

26.09.2023 бастап 12.12.2023 (12 апта) мерзімінде В-ФОБ-04-19 оқу тобы осы кәсіпорынның сапаны бақылау бөлімінде (СББ) және парентеральды сұйық дәрілік заттарды өндіру цехында (ПСДЗӨЦ) дуальды оқытудан өтті.
Кафедра пәннің барлық оқу-әдістемелік кешенін ұсынды және өндірістік бірлестік базасында оқу тобының жұмысы үшін қолайлы жағдай жасады.
Дәрілік заттардың сапасын бақылау және тұрақтылығын зерттеу бойынша практикалық жұмыс, сондай-ақ фармацевтикалық өнім сапасының ерекшеліктерін-нормативтік құжаттарды әзірлеу білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Студенттермен жұмыс істеген бөлімше қызметкерлері студенттердің дәрілік заттардың сапасын бақылау саласындағы теориялық дайындығы мен практикалық дағдыларының жоғары деңгейін атап өтті.

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы студенттердің кәсіпорында дуальды оқытудан өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ұйымдастырудың жоғары деңгейін және нақты жұмысты атап өтеді және сапаны бақылау бөлімінің бастығы Л.Н.Чернышеваға, дайын өнім зертханасының меңгерушісі Е.А.Лунинаға, ЖЭСХ секторының меңгерушісі Д.Р.Ибрагимоваға, №1 парентеральды және пероральді сұйық дәрілік заттар цехының бастығы Д.С.Игнатенкоға, №1 парентеральді және пероральді сұйық дәрілік заттар цехының жетекші химигі Л.А.Сұлтановаға, біздің студенттерді тікелей басқарған персоналмен жұмыс бөлімінің маманы Я.Р.Леденеваға алғысын білдіреді.

Дуальды оқыту жүйесін қолдану нәтижесінде оқу орнын бітіргеннен кейін өз саласы бойынша дипломға ие болып қана қоймай, сонымен қатар көптеген кәсіби міндеттерді өз бетінше шеше алатын мамандар құрылады. Оқытудың бұл әдісі теориялық дайындықтың жоғары деңгейін сақтай отырып, оқу процесінің практикалық жағын айтарлықтай нығайтады.

28.12.2023, 17:05
430 қаралым