Дуальды білім беру түлектердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың бірден-бір құралы

28.04.2022ж. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасында «Дуальды білім беру түлектердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың бірден-бір құралы» атты 5 курс білім алушыларымен Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, "Даму фармацевтикалық және медициналық ұйымдар Қауымдастығы" ЗТБ директоры Альжанова Хадиша Дербисовнамен кездесу өтті.

Кездесуде фармация саласының өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтсақ, GXP стандарттарында енгізілген өзгерістері мен жаңалықтарды бөлісті.

ҚР ДСМ отандық өндірушілер және өзге де фармацевтикалық нарық субьектілерімен бірге іске асырылатын Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын кезең кезеңімен енгізу жоспары білім алушыларға таныстырылды.
Білім алушылар қызығушылық таныта отырып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы өтті.

03.05.2022, 15:48
373 қаралым