ДСҰ-ның Мемлекеттік кеңсесі ұйымдастырған Халықаралық дөңгелек үстел
2015жылдың 24-25 қарашасында Астана қаласында ДСҰ Мемлекеттік кеңсесінде жоғары білімді мейіргер мамандарды дайындау сұрақтары бойынша Халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің жұмысында Ресейдің, Литваның, Латвияның, ҚР-ның әлеуметтік даму, ғылым және адам ресурстарын дамыту департаменттерінің директорлары, басшылары және дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары, Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның жоғары оқу орындары мен колледж өкілдері және ОҚМФА-ның анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова Айзат Ашимханқызы қатысты.
БДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросының денсаулық сақтау саласындағы мамандар қоры бағдарламасының жетекшісі Галина Перфильева қатысушыларды дөңгелек үстелдің мақсаты мен күтілетін нәтижелерімен таныстырып өтті.
Жұмыс барысында мынадай сұрақтар талқыланды: Еуропада мейірбике ісін стратегиялық бағытта бекіту; Литва, Латвия және Ресейдің тәжірибесін қолдана отырып, «Мейірбике ісі» университеттік оқыту бағдарламасының қалыптасуына және құрылуына жағдай жасау; Қазақстан мен Қырғызстан өз тәжірибелеріне сүйене отырып, «Мейірбике ісі» университеттік оқыту бағдарламасының қалыптасуына және құрылуына жағдай жасау; Еуропада мейірбике ісін стратегиялық бағытта бекітуге, сондай-ақ елде мейірбикелік білімді жетілдіруге әсер ететін және кедергі келтіретін негізгі факторлар мен жағдайлар; бірігіп жұмыс істеу, SWOT-анализ, топтармен талдау, топтағы жұмыс нәтижесі, мәселелі сұрақтарды шешу жолдары, мейірбике мамандарын жүйелі дайындау жүйесін жетілдіру және пайдалануды шешу қарастырылды.