Дөңгелек үстел : "Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері"
2022 жылғы 14 қарашада "ОҚМА" АҚ үлкен мәжіліс-залында "Фармация" мамандығы бойынша III, IV, V курс және "ФӨТ" мамандығы бойынша II, III курс білім алушылары үшін "Фармация" факультетінің деканатымен бірлесіп «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы ұйымдастырған "Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуге келесі шақырылған қонақтар, тәжірибелік фармация өкілдері қатысты:
• Сабыр Г. Ә. – фармацевтикалық қызмет мониторингі және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға баға мониторингі бөлімінің бас маманы.
• Тогусбаева Г. Б. – "Зерде Фарм" ЖШС директоры.
• Садык Ж. С. – "AKNIET GROUP" ЖШС филиалының директоры.
• Пернебай Е. Е. – "Фито-Апифарм" ЖШС, цех шебері.
• Алмасов Ж. Б. – "Apple-Pharma" ЖШС директоры.
• Альжанова Х. Д. – "Даму" ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының директоры.
Сондай – ақ, аталған іс – шараға ОӘО бастығы – Б.З. Долтаева, әдістемелік бөлім меңгерушісі - Б.М. Рашева, ФӨТ ББК төрағасы - Б.У. Торланова , ФФ ББК төрағасы – Ж.С. Тоқсанбаева, "Фармация" факультетінің деканы – Г.Ж. Умурзахова, ҚББТ меңгерушісі - Ш.А. Халметова, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі - Ордабаева С.К., фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының ПОҚ және "Фармация" факультеті деканатының қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел қонақтары тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелерін қозғады. GxP сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымының барлық кезеңдерінде менеджмент және сапаны қамтамасыз ету мәселелері бойынша кәсіби құзыреттерді дамытуға ерекше назар аударылды.
Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты барлық мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды кеңейту болды. Сондай-ақ фармацевтикалық кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіби стандарт талаптарына және фармацевтикалық мамандықтар номенклатурасына сәйкес бағдарламалар мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету тақырыбы қозғалды.