ДИПЛОМДЫ ҚОРҒАУ

796 1

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының  2015-16 оқу жылында «Фармацевтік өндірістің технологиясы»  білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы түлектер дайындалды.

796 2

2016 жылдың 21-24 маусым аралығында академияда жоғарыда аталған білім беру бағдарлама түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациялау барысында дипломдық жұмысын қорғау жүргізілді. Мемлекеттік емтихан комиссиясына (МАК) М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Сәулет» кафедрасының техника ғылымдарының  кандидаты, доцент Т.Қ. Қырғызбаев төрағалық етті. Комиссия мүшелерінің арасында бітіруші кафедралар өкілдері, фармацевтика факультетінің деканы және декан орынбасары, сондай- ақ, Оңтүстік аймақтың фармацевтикалық  өндіріс орындарының өкілдері - «Зерде-Фито» ЖШС атқарушы директоры Ж.О. Кенжебеков және «Химфарм» R&Д АҚ директоры Д.Дончев болды.

796 3

Төраға мен МАК мүшелері  орындалған диплом жұмыстары деңгейі мен мазмұнына, олардың тәжірибелік құндылығы мен түлектердің материалдарын жоғары деңгейде меңгергеніне жоғары баға берді.

29.06.2016, 06:29
420 қаралым