Дін - зайырлы мемлекеттің негізі және тұрақтылығы!
2016 жылдың 30 наурыз күні жастар саясаты бөлімі мен «Қоғамдық денсаулық сақтау-1» кафедрасының ұйымдастыруымен «Дін-зайырлы мемлекеттің негізі және тұрақтылығы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге «Қоғамдық денсаулық сақтау-1» кафедрасының меңгерушісі, профессор М.Ә.Бөлешов, Әл-Фараби ауданы бойынша мешіттің бас имамының орынбасары Е.Парымбеков, Төле би ауданы мешітінің бас имамы С.С.Анарбаев, Әлеуметтік бастамалар орталығының теолог-маманы – И.Абулхаиров, «Табиғат тау клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, ОҚМФА ректор кеңесшісі Б.Б.Жусупов, медицина факультеті деканының орынбасары Б.О.Аширов, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы, 511 тобының студенті Ғ.Алтураев, кафедра меңгерушілері мен топ тәлімгерлері қатысты. Аталған іс-шарада ислам діні мен кері діни ағымдар, экстремизм, терроризм мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар, студенттер тарапынан мазалап жүрген сауалдарға имам жауап беріп, діни сауатын ашты. Кездесу «Қазақстан-Шымкент» телеарнасынан көрсетілетін болады (қамтылған студенттер саны-270).