«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни сергектік» тақырыбында кездесу

2021 жылдың 05 қараша күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасы мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» және Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни сергектік» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласының «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы ҚҚ-ның аймақтық теолог маманы, дінтанушы, психолог Ф.Тайтелиев, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының маманы Р.Қыпшақбаев және ОҚМА жастар саясаты бөлім қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Аталған шараны модератор, ОҚМА Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Ахметов бастап, іс-шара мақсатын атап өтті.

Сөз кезегін алған кездесу қонағы Шымкент қаласының «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы ҚҚ-ның аймақтық теолог маманы, дінтанушы, психолог Ф.Тайтелиев студенттерге деструктивті діни ағымдардың алдын алу және кереғар ағымдардың психологиялық әдіс тәсілдері жайлы кеңінен тоқталып, алдын алу шаралары туралы айтып өтті.
Іс шараны қорытындылаған Жастар ресурстық орталығының маманы Р.Қыпшақбаев студенттерді декструктивті діни кереғар ағымдардан аулақ болуға шақырды.

05.11.2021, 15:52
598 қаралым