«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу
2023 жылдың 17 наурыз күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдар ықпалының алдын алу» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маман Уәлихан Самат Шоқанұлы, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының маманы Рауан Қыпшақбаев және ОҚМА жастар саясаты бөлім қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Аталған шараны Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының маманы Рауан Қыпшақбаев бастап, іс-шара мақсатын атап өтті.
Сөз кезегін алған кездесу қонағы Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маман Уәлихан Самат Шоқанұлы студенттерге деструктивті діни ағымдардың алдын алу және кереғар ағымдардың әдіс тәсілдері жайлы кеңінен тоқталып, айтып өтті. Жастарымызға санасын улайтын жағдайларға жол бермей, әлеуметтік желідегі теріс ағымның жетегіне ермеулеріне ерекше көңіл бөлу керектігін және мұны қоғам, ұлт, мемлекет, отбасы алдындағы парыз деп түсіну қажет екендігін айтып өтті.
Іс шараны қорытындылаған «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы студенттерді діни кереғар ағымдардан аулақ болуға, қазіргі заман білімділердің қолында екенін айтып білім алуға шақырды.