«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу
2024 жылдың 16 ақпан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Қыпшақбаев Рауан Мухитулы, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы Тілләбек Саян Аднабекұлы, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Акпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әбдікәрім Нұржан Кеңесұлы және ОҚМА жастар саясаты бөлім қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Аталған шараны Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Қыпшақбаев Рауан Мухитулы бастап, іс-шара мақсатын атап өтті.
Сөз кезегін алған кездесу қонағы Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы Тілләбек Саян Аднабекұлы студенттерге деструктивті діни ағымдардың алдын алу және кереғар ағымдардың психологиялық әдіс тәсілдері жайлы кеңінен тоқталып, айтып өтті. Әлеуметтік желідегі теріс ағымның жетегіне ермеулеріне және дін саласындағы ақпаратты дінтанушы, мешіт имамынан, сала маманынан алу керектігін айтты.
Іс шараны қорытындылаған Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы студенттерді декструктивті діни кереғар ағымдардан аулақ болуға, қазіргі заман білімділердің қолында екенін айтып білім алуға шақырды.