«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу
2022 жылдың 10 қараша күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасы мен Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге ОҚМПУ аға оқытушысы дін танушы, РАТТ мүшесі Бесбаев Мади Абзалбекұлы, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Абдувахидұлы Рахымжан, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қалдар Тунтекова, Абай атындағы №10 кітапханасының меңгерушісі Гулжан Бектаева және ОҚМА жастар саясаты бөлім қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Аталған шараны Абай атындағы №10 кітапханасының меңгерушісі Гулжан Бектаева бастап, іс-шара мақсатын атап өтті.
Сөз кезегін алған кездесу қонағы ОҚМПУ аға оқытушысы дін танушы, РАТТ мүшесі Бесбаев Мади Абзалбекұлы студенттерге деструктивті діни ағымдардың алдын алу және кереғар ағымдардың психологиялық әдіс тәсілдері жайлы кеңінен тоқталып, айтып өтті. Әлеуметтік желідегі теріс ағымның жетегіне ермеулеріне және дін саласындағы ақпаратты дінтанушы, мешіт имамынан, сала маманынан алу керектігін айтты. Ары қарай сөз кезегін алған «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қалдар Тунтекова бүгінгі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық болып тұр. Отбасылық ұрысқа көбінесе жаман әдетке әуес болу, материалдық тапшылық, қызғаныш және бір-бірін кемсітушілік себеп болады. Осы ретте біздің орталық көмек сұрап келген аналарға психологиялық, моральдық, заңдық тұрғыда көмек көрсетеді. Бірінші кезекте зорлық көрген әйелдер мен балалардың құқығын қорғау екендігін айтты.
Іс шараны қорытындылаған Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы студенттерді декструктивті діни кереғар ағымдардан аулақ болуға, қазіргі заман білімділердің қолында екенін айтып білім алуға шақырды.