ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛМЕН КЕЗДЕСУ
Сәуір айының 12-і күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасында Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Акишев Мұратжан Омарбекұлымен кездесу өтті. Кездесу сұхбатына «Стоматология», «Жалпы медицина» мамандығындағы 1-курс білім алушылары, кафедра оқытушылары қатысты. Іс-шараны кафедра профессор м.а., т.ғ.к. Е. Абдухаимов жүргізіп отырды.
Кіріспе сөзде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж. О. Нұржанбаева өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты мен мәніне тоқталды. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қоятыны белгілі. Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші. Осы орайда Акишев Мұратжан Омарбекұлы мемлекеттік қызметшілердің жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екендігін көрсету және өз іс-әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша және жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін баяндады. Сонымен бірге әлеуметтік желілерге, мемлекеттік қызметшілерінің аккаунттарына байланысты жарияланған посттар мен басқа да ақпараттардың болуына мониторинг жүргізіліп отыратыны айтылды.
Сұхбаттасу әңгімесі барысында білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оған жан-жақты, нақты жауаптар алынды.