Денсаулық сақтау министрі А. Гиният - Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният шілде айының үшінші онкүндігінде жұмыс сапарымен Шымкент қаласында болып, бірқатар медициналық нысандарды аралады. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясымен де танысты.
А. Гиният Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры М. М. Рысбековпен бірге академияның геномдық зерттеулер зертханасында болды, оның қызметкерлері қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізуде. Гендердің белсенділігін анықтау үшін ПТР-жүйелерін әзірлеген (туберкулез диагностикасы, бруцеллез, туберкулез фармакогенетикасы).
Жоғары оқу орнының бірінші басшысы оңтүстік өңірдің тұқым қуалайтын ауруларын ИФТ, биохимиялық, цитогенетикалық зерттеу сияқты клиникалық зерттеулердің маңыздылығын атап өтті.
М. М. Рысбеков кардиогенетика, онкогенетика және спортгенетика, тамақтану генетикасында диагностика әдістерін әзірлеу сияқты зертхананың басым бағыттарына тоқталды.
Сонымен қатар еліміздің бас дәрігері академияның заманауи компьютерлік-тестілеу орталығының жұмысымен танысты, жоғары оқу орнының тарихындағы жарқын сәттерді ашатын құжаттар мен экспонаттар сақталған мұражайда болды.
Денсаулық сақтау министрі медицинада білікті мамандарды дайындаудың маңыздылығын атап өтті.