Денсаулық сақтаудағы кәсіби мамандарды дайындауда фармакологияның рөлі мен орны: уақыт мәселелері және оларды шешу жолдары

2016 жылдың 30 қырқүйек-1 қазан аралығында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де «Денсаулық сақтаудағы кәсіби мамандарды дайындауда фармакологияның рөлі мен орны: уақыт мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық конференция өтілді. Онда Қазақстан, Қырғыстан, Ресей, Литва, Жаңа Зеландия, Венгрия мамандары жиналды.

827 1

ОҚМФА – ның фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы «Денсаулық сақтаудағы кәсіби мамандарды дайындауда фармакологияның рөлі мен маңыздылығы» атты баяндамамен конференцияға белсенді қатысты. Баяндамада ЖОО-ғы әртүрлі деңгейдегі мамандарды оқыту тәжірибесі және дамудағы негізгі үрдістері көрсетілген.

827 2

Конференцияның қаулысы, яғни негізгі және клиникалық фармакология бойынша білім беру бағдарламаларының өзектілігін арттыру, білім беру үрдісінің әдістемесін және пәндерді оқыту әдістерін жетілдіру, білім берудегі сабақтастықты сақтау секілді мәселелер қабылданды.

Сондай-ақ, қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

07.10.2016, 06:19
424 қаралым