Дені саудың-тәні сау

2024 жылдың 12 сәуір күні М.Жұмабаев атындағы № 39 жалпы білім беретін орта мектебінде «Дені саудың-тәні сау» тақырыбында ақпараттық-танымдық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға, 6 сынып оқушылары мен ата-аналары және нутрициолог, акушер-гинеколог қатысты.
Сынып жетекшісі Ж.Е. Токтамисованың арнайы шақыртуымен, «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының аға оқытушысы Байконсова Л.О. «Мектеп жасындағы балалардың тамақтануы маңызды мәселе» тақырыбында баяндама жасады. Дәрігер гигиенист-нутрициолог ұрпағымыздың сау, ақылды және белсенді болып өсуіне, оқушының жасына байланысты физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын дұрыс тамақтанудың ұстанымдарын айтып өтті.
Байконсова Лаура Омаровна тәрбие сағатының өткізілуіне атсалысқаны үшін мектеп директоры Қаработа Бауыржан Шәмшідінұлының алғыс хатымен марапатталды.

16.04.2024, 13:35
209 қаралым