Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
2024 жылдың 17-сәуірінде «ЖТД-3» кафедрасының ассистенті Онласбекова Г.М жетекшілігімен ІЖТДҚ-19-23 топ интерн-дәрігерлерімен бірлесе Шымкент қаласы №75 мектеп-гимназиясына «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Жеке бас гигиенасы» тақырыптарында семинар өткізілді.
Мақсаты: «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» туралы ұғымының мәнін түсіндіре отырып, оқушыларға денсаулық болашақ балалардың өміріне қымбат екендігін түсіндіру, жаман ойларға, сыртқы әсерлерге берілмеу керектігін ұғындыру. Оқушылардың санасын дамыту, жеке бас гигиенасын сақтау, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және алдын алу.
Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің денсаулығын, ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Осы мәселеге орай 2024 жылдың 17-сәуірінде «ЖТД-3» кафедрасының ассистенті Онласбекова Г.М жетекшілігімен ІЖТДҚ-19-23 топ интерн-дәрігерлерімен бірлесе Шымкент қаласы №75 мектеп-гимназиясына «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Жеке бас гигиенасы» тақырыптарында семинар өткізілді. Аталған іс-шараға кафедра ассистенттері мен дәрігер-интерндер және мектептің барлық 8-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның басында алғашқы сөз кезегі «ЖТД-3» кафедрасының ассистенті Онласбекова Г.М-ға берілді.
1. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», тақырыбында презентацияны IЖТДҚ-19-23 тобының дәрігер-интерні Июльбеков Е.Д. және Усенбек М.А түсіндірме жұмыстарын жасап қорғады.
2. «Жеке бас гигиенасы» тақырыбындағы презентацияны IЖТДҚ-19-23 тобының дәрігер-интерні Тойшиева А.Ә. және Тағай Ү.Қ. түсіндірме жұмыстарын жасап, қыз балалардың жеке сұрақтарына да жауап берді.
Іс-шараның соңында оқушылармен кері байланыс жүргізілді, оқушылар өздері қызығушылық танытқан сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті жауаптарын алды.
Мектеп әкімшілігі тарапынан іс шараны өткізген дәрігер-интерндерге және кафедра ұжымына зор ризашылықтарын білдірді.