«ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕ»

2021 жылдың 10 қазан күні №2 ғимараттның № 210 дәрісханасында, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ж.С. Сарымсакованың ұйымдастырумен МІҚ-02-21 тобына «Әдебиет әлемінде» атты ақын-жазушыларының шығармашылығынан көркем сөз оқу ашық тәрбие сайыс сағаты өткізілді.

Рухани қазынамыз, қайнар бұлағымыз әдебиет әлемінің парақтарына үңілсек қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Әр адамның ең жақын досы – кітап болғанда, сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады»

Сайысқа 3 топ қатысты:
І топ «Абай»
ІІ топ «Ыбырай»
ІІІ топ «Фариза»


Сайыс кезеңдері:
І кезең «Сәлем-сөздің анасы» әр топ өздерін таныстырады.
ІІ кезең «Өлең -сөздің пастшасы сөз сарасы» өлеңді мәнерлеп оқу.
ІІІ кезең «Бәйге». Сұрақтарға тжылдам жауап беру.
ІV кезең «Алтын қоржын» берілген сөзге мақалмен жауап беру.

Әділ қазылар алқасының құрамында кафедра меңгерушісі А.Т. Сатаев, тәрбие жұмысына жауапты Г.Қ. Алтынбек, қазақ тілі пәнінің оқытушысы А. А. Исабекова төрелік жасап, әділ бағаларын берді.

19.10.2021, 12:43
421 қаралым