Дәрілік заттардың фармацевтикалық және химия-токсикологиялық зерттеулерінің басым бағыттары
«Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің жыл сайын өтетін халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Дәрілік заттардың фармацевтикалық және химия-токсикологиялық зерттеулерінің басым бағыттары» секциялық отырысының жұмысы оффлайн және онлайн режимде өтті.
Секция жұмысына академияның фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының барлық серіктес жоғары оқу орындары қатысты, олардың ішінде: И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті (Мәскеу, РФ), Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Уфа, РФ), Ш. Бехешти атындағы Медицина университеті (Тегеран, ИИР), Ташкент фармацевтикалық институты (ӨзР), Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы (Бішкек, ҚырР), Абуали Ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университеті (Душанбе, ТР) жас ғалымдары, магистранттары, докторанттары. Отандық жоғары оқу орындарынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Астана» МУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ т.б. жас ғалымдарының баяндамалары тыңдалды.
Барлық конференцияға қатысушылар пікірі бойынша секция жұмысы жоғары ғылыми деңгейде өтті, фармацевтика ғылымының әртүрлі бағыттары бойынша баяндамалар, соның ішінде: белсенді фармацевтикалық субстанциялар мен табиғи және синтетикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау және стандарттау бойынша зерттеулер, химия-токсикологиялық және токсико-клиникалық зерттеулер, фармацевтикалық экология сұрақтары, жаңа биологиялық белсенді қосылыстарды молекулалық моделдеу, фармакологиялық белсенділікті болжау және растау, биологиялық белсенді қосылыстар синтезі бойынша жұмыстар, сонымен бірге, Академия студенттерінің жобалық оқыту аясындағы зерттеу нәтижелері және т.б. тыңдалды.
Ұйымдастырушылар шешімімен екі баяндама пленарлы отырысқа ұсынылып, тақырыптың өзектілігі мен ғылыми жаңалығы аудиторияның қызығушылығын тудырды. Ол Тахере Машхадизаденің «Жаңа 4-оксо-4-(2-стеароилгидразинил)-2-бутен қышқылы май қышқылдарының амидгидролаза ингибиторы ретінде жасау, синтездеу және биологиялық бағалау». Сонымен қатар, өзінің зерттеу нәтижелері туралы Туренко Владислав «Жаңа коронавирустық инфекцияның емдеу үшін миРНК бар препаратты стандарттау және сапасын бақылау» атты жұмысында баяндады.
Секциялық отырыста қатысушылардың үлкен қызығушылығы мен талқылауын тудырған келесі жұмыстар баяндалған нәтижелері, өзектілігі мен практикалық маңыздылығы, мазмұны, презентацияның шығармашылық безендірілуі, материалды меңгеруі мен дағдыларын талқылауға ұсыну қабілеті бойынша үздік деп танылды:
• Эйза Kавеха Верноусфадерани «Рotential mechanism of Сuscuta Еpithymum in effecting colorectal major diseases: customizing network pharmacology analysis with traditional medicine» тақырыбы бойынша, Ш. Бехешти атындағы МУ студенті;
• Терехов Роман «Дигидрокверцетинді жоғары эффективті сұйықтық хроматография әдісімен стереохимиялық талдау», И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ жас ғалымы.
ТашФармИ-нан келген әріптесіміз, фарм.ғ.д., профессор және секциялық отырыстың модераторы З.У. Усаманалиеваның пікірі бойынша Академияның фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының жас ғалымдарының баяндамалары да сәтті баяндалды. Оқытушы Мусабеков Ж.Т. амлодипинді биологиялық материалдан оқшаулау әдістемелері бойынша зерттеу нәтижелерін баяндады. Магистрант Бахытқызы Г. дермене жусан фитопрепараттарына сұйықтық хроматография әдістемесін жасау бойынша жасалған жұмыстарымен бөлісті. Магистрант Нұрсұлтанқызы М. фармацевтикалық экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен бөлісті. Академияның 4 курс студенттерінің жобалық оқыту аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері, орындалған жұмыстардың деңгейі, презентацияның мазмұны мен безендірілуі, Д.Исабаева, Д.Рахманова, Е.Дюжечкина және К.Кузнецованың материалды меңгеруі және аудиторияны қызықтыра білуі барлық қатысушыларды бей-жай қалдырмады.
Ордабаева С.К. отырыс модераторы ретінде барлық қатысушыларға өз баяндамаларымен белсенді қатысқандары, шыдамдылық танытып, жұмысты талқылауға атсалысқандары, сонымен бірге кафедраның барлық шетелдік және отандық серіктестерінің конференцияға қызығушылық танытқаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.