Дәрілік заттардың фармацевтикалық және химия-токсикологиялық зерттеулерінің басым бағыттары
Жас ғалымдар мен студенттердің Бірінші халықаралық форумы аясында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушылары мен «Фармация болашағы» ғылыми үйірмесінің студенттері ғылыми жобалар конкурсына және "Биология, медицина және фармацияны дамыту перспективалары" жас ғалымдар мен студенттердің X Халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.
Жас ғалымдардың байқауында 18 ғылыми жобасынан алқа мүшелері үздік 5 жобаны таңдап алды. Олардың арасында жобаға бағдарланған оқыту түрімен білім алатын топтың студенттері: Рахманова Дильноза, Исабаева Диана, Кузнецова Карина және Незванова Екатерина болды. «Отандық шикізат негізінде паразитке қарсы белсенділігі бар тиімді және қауіпсіз комбинирленген фитопрепаратты жасау және стандарттау» ғылыми жобасы Galamat Group холдингі басшысы С. Сыпабековтың үлкен қызығушылығын тудырды.
Халықаралық конференцияның пленарлық отырысында серіктестеріміз - Мәскеу мен Үндістанның жетекші ғалымдары қызықты баяндамалармен шықты: фарм.ғ.д., "Фармацевтикалық аналитика орталығы" ЖШҚ бас директоры, "Дәрілік заттарды жасау және тіркеу" ғылыми-өндірістік журналының бас редакторы фармацевтика саласы бойынша халықаралық деңгейдегі ғылыми мақалаларды дайындау, ал Жоғары білім және зерттеулер академиясы фармацевтикалық колледжінің фармацевтикалық химия кафедрасынан Калираджан Раджагопал «Іn-silico design, synthesis of some novel chromen derivatives and evaluation of their anti-SARS-COV-2 activity» атты ғылыми тәжірибесімен бөлісті.
"Дәрілік заттардың фармацевтикалық және химия-токсикологиялық зерттеулерінің басым бағыттары" секциялық отырысы кафедраның серіктес жоғары оқу орындарын офлайн және онлайн режимінде біріктірді: бұл И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті (Мәскеу, РФ), Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Уфа, РФ), Ш. Бехешти атындағы медициналық университеті (Тегеран, ИРИ), Жоғары білім және зерттеулер академиясы (Майсуру, Үндістан), Ташкент фармацевтикалық институты (ӨзР), И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы (Бішкек, ҚР), Абу али Ибн сино атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университеті (Душанбе, ТР), Коменский университеті (Братислава, Словакия), Палацкий университеті (Оломоуц, Чех Республикасы) студенттері, магистранттары, докторанттары.
Отандық жоғары оқу орындарынан "Астана" МУ, "Қарағанды" МУ, Қазақстан-Ресей медициналық университеті және М. Әуезов атындағы ОҚМУ жас ғалымдарының баяндамалары тыңдалды.
Барлық конференцияға қатысушылар пікірі бойынша секция жұмысы жоғары ғылыми деңгейде өтті, фармацевтика ғылымының әртүрлі бағыттары бойынша баяндамалар, соның ішінде: белсенді фармацевтикалық субстанциялар мен табиғи және синтетикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау және стандарттау бойынша зерттеулер, химия-токсикологиялық және токсико-клиникалық зерттеулер, фармацевтикалық экология сұрақтары, жаңа биологиялық белсенді қосылыстарды молекулалық моделдеу, фармакологиялық белсенділікті болжау және дәлелдеу, биологиялық белсенді қосылыстар синтезі бойынша жұмыстар, сонымен бірге, Академия студенттерінің жобалық оқыту аясындағы зерттеу нәтижелері.
Секциялық отырыста баяндалған нәтижелер, өзектілігі мен практикалық маңыздылығы, мазмұны, презентацияның креативтік ресімделуі, материалды талқылауға ұсына алуы және білуі бойынша ең үздік деп танылып, қатысушылардың қызығушылығы мен пікірталасын тудырды.
Студенттік жұмыстардан ең үздік болып номинанттар:
1. Турсунова Файруза
Ташкент фармацевтикалық институты, Ташкент, Өзбекстан Республикасы
2.Ткаченко Дарья
И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ Ресей ДСМ, Мәскеу, Ресей федерациясы
3.Мұхтар Жәнібек, Жұматаева Дильназ
«Қарағанды медициналық Университеті», Фармация мектебі, Қарағанды, Қазақстан Республикасы.
Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының арасынан төмендегі жұмыстар үздік болды:
1.Митрофанова Лидия
"Фармацевтикалық аналитика орталығы" ЖШҚ, Мәскеу, Ресей федерациясы
2. Ali Jabbarzadeh
Shahid Beheshti University of Medical Sciences, Tehran, I.R.Iran.
3. Позднякова Анастастия
Башқұрт мемлекеттік медицина Университеті, Уфа, Башқұртстан.
Профессор С. К. Ордабаева мәжілістің модераторы ретінде барлық қатысушыларға өз баяндамаларымен белсенді қатысқаны, пікірталастағы жұмыстарды шыдамдылықпен талқылағаны, сондай-ақ кафедраның барлық шетелдік және отандық серіктестерінің конференциясына қызығушылық танытқаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың, серіктестер мен баяндамашылардың бірлескен күш-жігерінің арқасында фармация саласындағы озық ғылыми жетістіктер туралы құнды ақпарат халықаралық деңгейде жас ғалымдар мен студенттердің Бірінші форумының барлық қатысушыларына қолжетімді болды.
«Дәрілік заттардың фармацевтикалық және химия-токсикологиялық зерттеулерінің басым бағыттары» секциясының белсенді жұмысы конференцияның көптеген қатысушылары мен сарапшыларымен кездесулер жәнекеліссөздерді жоспарлауға, сондай-ақ өз жобалары мен идеяларын тиімді таныстыруға мүмкіндік берді.