Дәрілер технологиясы кафедрасының PhD докторанты СПМХФУ-да тағылымдамада

«Дәрілер технологиясы» кафедрасының PhD докторанты Иманалиева Салтанат Маршалқызы 2023жылдың 22 мамыры мен 2 маусымы аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университеті арасындағы келісімшарт - Меморандум негізінде СПМХФУ Дәрілік препараттардың өндірістік технологиясы кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында СПМХФУ GMP тренинг орталығында, ДПӨТ, СБО, Фармакогнозия, Фармацевтикалық химия, Аналитикалық химия кафедраларының ғылыми-педагогикалық құрамымен танысып, кері байланыс жасады. СПМХФУ ғылыми кітапхана базасына рұқсат алып, eLIBRARY электронды ғылыми кітапхана базасымен танысты. Фармация ғылымдарының кандидаты лауазымына үміткер оқу орнының диссертантының диссертация қорғау процесіне қатысты.
25 - 27 мамыр аралығында СПМХФУ қабырғасында XXIV Халықаралық Съезд - «Фитофарм 2023» болып өтті. Съезде Белорус, Қытай, Оңтүстік Африка, Шри-Ланка, Иран, Индия, АҚШ, Швейцария, Бангладеш, Эфиопия, Великобритания, Қырғызстан, Қазақстан және Ресейдің көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары мен оқу орындарының жетістіктері мен ғылыми жаңалықтары баяндалды.

Тағылымдама бағдарламасына сәйкес докторант өзінің шетелдік ғылыми кеңесшісі фармация ғылымдарының докторы, профессор Каухова Ирина Евгеньевнамен диссертациялық жұмыс мәселелерін талқылады және одан әрі бірлескен жұмыс талқыланды.
Тағылымдама дәрілік құралдарды әзірлеудің заманауи технологияларымен танысуға мүмкіндік берді және докторанттың одан әрі ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін өте тиімді және пайдалы болды.
Ғылыми тағылымдама аяқталуына орай СПМХФУ халықаралық магистранттар мен докторанттары бойынша проректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.О. Карасавиди ғылыми тағылымдаманың сәтті аяқталғаны туралы сертификатпен марапаттады.

08.06.2023, 17:10
684 қаралым