«Дәрігер педиатр мамандарын сапалы дайындауда жұмыс берушілермен серіктестік»

2024 жылғы 18 наурызда «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ-да «Педиатрия-1» кафедрасында «Дәрігер педиатр мамандарын сапалы дайындауда жұмыс берушілермен серіктестік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жиынына Облыстық балалар ауруханасының басшысы Досанова А.М., басшының хирургиялық бөлім бойынша орынбасары Турысбеков С.А., сонымен қатар «Педиатрия-1» және «Педиатрия-2» кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қазіргі жағдайда ғылыммен және тәжірибемен интеграциялау арқылы медициналық білім беру сапасын арттыру, жұмыс берушілердің сұраныстары мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, БББ бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара іс-әрекет жасау.
Дөңгелек үстел-бұл мүмкіндіктерді іске асыруға арналған алаң:
жұмыс берушілер үшін: тәжірибелік қызметке даярланған жас мамандарды алу, оларды даярлау процесіне қатысу және оларды даярлау сапасына ықпал ету мүмкіндігі;
ЖОО үшін: білім беру процесін және өндірістік практиканы сапалы ұйымдастыру мүмкіндігі, сондай-ақ білім алушының одан әрі жұмысқа орналасуы.
Дөңгелек үстелдің модераторы «Педиатрия-1» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Кемельбеков К.С. болды.
Дөңгелек үстел барысында тәжірибелік денсаулық сақтау үшін әртүрлі деңгейдегі педиатр мамандарын даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру және түлектердің сәтті жұмыс істеуі үшін қажетті құзыреттер, сондай-ақ тәжірибелік денсаулық сақтау саласы мен академияның оларды дамытуға болатын өзара іс-әрекеттер форматтары талқыланды.
Дөңгелек үстел баяндамашылары:
- «Педиатрия-1» кафедрасының ассистенті Төлеуова А.Е. – «Педиатр мамандарын даярлау үшін білім берудегі заманауи өзгерістер»
- «Педиатрия-1» кафедрасының меңгерушісі Кемельбеков К.С. ––«Түлектерді жұмысқа орналастыру: негізгі бағыттары мен мәселелері»
Дөңгелек үстел барысында мына тақырыптар бойынша пікірталас жүргізілді:
-Педиатр мамандарына қойылатын біліктілік талаптары;
-Педиатриялық профиль мамандар тапшылығы;
-Бітірушілердің жұмысқа орналасуы-мәселелері, шешу жолдары, перспективасы;
-Білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс бағдарламалары мен элективті пәндер каталогын жұмыс берушілердің ұсыныстарын есепке ала отырып, жетілдіру:
1) «Педиатрия» білім беру бағдарламасына қосымша: «Балалардың физикалық даму ерекшеліктері», «Балалардың тамақтану ерекшеліктері» пәндерін енгізуді, «Балалар ауруларының пропедевтикасы» пәнінен оқу сағаттарын көбейту.
2)келесі тақырыптар бойынша үнемі семинарлар ұйымдастыру: «Шешендік өнер», «Көшбасшылық».
-Жас мамандарды қолдаудағы әлеуметтің саясат.
Дөңгелек үстел барысында көтерілген негізгі мәселелер қатысушылар арасында үлкен қызығушылықтарын оятты. Пікірталас барысында сенімді фактілер, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің өзектілігі мен маңыздылығын растады, жоғарыда аталған мәселелерді әрі қарай талқылауға жоғары қызығушылық танытты және Академиямен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарар (резолюция) қабылданды:
1.Түлектердің жұмыспен орналасуы бағытында жұмыс берушілермен бірлесе жұмыстар атқару.
Жұмыс берушілердің талаптары мен қажеттіліктерін талдап, келіссөздер жүргізіп, соның нәтижесінде түлектерді әрдайым ақпараттандырып, жұмысқа жылдам орналасуын және тұрақты жұмыспен қамтамассыз ету бағытында жұмыс берушілермен ортақ шешімдерге келу.
2. «Педиатрия» білім беру бағдарламасының мақсаты мен миссиясын және оқу нәтижелерінің денсаулық сақтау саласын дамытудағы заманауи талаптарға жауап беруін қамтамассыз ету.
3.Білім алушылар, кафедра профессор-оқытушы құрамдары мен денсаулық сақтау саласы ұйымдары арасындағы білім беру және ғылыми коллаборацияны нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін үнемі дамыту.
4.Медициналық кадрларды даярлауда базаларда тәжірибеден өту және клиникалық дағдыларды меңгеру мүмкіндіктерін арттыру.
5.Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және іске асыруды үнемі жетілдіріп отыру.

20.03.2024, 13:09
311 қаралым