Дәстүрлі «Жылдың үздік тәлімгері – 2015» атты байқауы

 565 1

2015 жылдың 28 мамыр күні ОҚМФА Тәрбие ісі  ұйымдастыруымен, «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан басталады. Тәлімгер ұстаз – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» дей отыра, академия үлкен мәжіліс залында кафедрааралық «Жылдың үздік тәлімгері – 2015» атты байқауы өтті. Байқау тәлімгерлердің мәртебесін арттыру, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері мен тәлімгерлердің шығармашылық, жаңашылдық қызметтерін анықтау және заманауи тәлімгерлік тәжірибелерді тарату мақсатында ұйымдастырылды.

565 2

Байқауға үміткер болып:

1. Рыстигулова Жанар Ботабайқызы – Гигиена – 2 кафедрасы;

2. Әбуова Айкүміс Сапарқызы – Фармация ісін басқару және ұйымдастыру кафедрасы;

3. Туғанбаева Мақпал Ережепқызы – Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы;

4. Избасарова Мадина Сейсеналиқызы – Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасынан оқытушылар  өз ұсыныс-еріктерімен қатысып, өнегелі өнерлері мен тәлімгерлік жұмыстарын көрсетті.

565 3

Байқаудың ұпайы мен жеңімпазын анықтау үшін:

1.  Ғылыми Кеңес хатшысы Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы;

2.  «Орыс тілі» кафедрасының меңгерушісі  – Амандықова Сауле Хамзақызы;

3.  Мед.биофизика, информатика және математика кафедрасының аға оқытушысыҚыдырбаева Алия Сұлтанбекқызы;

4.  СЖСМЖжКРДО-ның маманыСұлтанбекова Ұлжан Жұпарбекқызы;

5.  «Қазақ тілі мен латын тілі» кафедрасының меңгерушісі, Академиялық Кәсіподақ ұйымының төрағасы және қазылар алқасының төрағасыСәлім Ербол Қалтұрсынұлы әділ-қазы мүшелері болып, өз төреліктерін жасады.

565 9

Жалпы сайыс 5 бөлімнен тұрады:

І-ші - Сәлемдесу және өзін-өзі таныстыру;

ІІ-ші – Студенттермен өткізілген ашық тәрбие сағаттары;

ІІІ-ші – Сұрақ-жауап;

IV-ші - Өз өнерін көрсету;

V-ші – Тәлімгер күнделігінің жүргізілуі.

Әділ-қазы алқаларының шешімі бойынша «Жылдың үздік тәлімгері – 2015» атағына Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасының оқытушысы - Туғанбаева Мақпал Ережепқызы ие болды!

565 4

565 5

565 6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

565 7 

565 8

565 11

565 10 

 

Дайындаған Тәрбие ісі бөлімінің бастығы Кентаева Индира Төлегенқызы.

01.06.2015, 02:25
548 қаралым