«Дұрыс тамақтану» атты тақырыбына семинар
2016 жылдың 21 қазан күні «Қоғамдық денсаулық сақтау-2» кафедрасының оқытушыларым «Дұрыс тамақтану» атты семинар өткізді. Аталған семинарда «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2 курс студенттері белсенді қатысты. Семинардың мақсаты - балалар арасында дұрыс тамақтануды насихаттау.
Алғашқы сөз облыстық балаларды оңалту орталығының бас дәрігердің орынбасары Алтаева Мейрамкүл Бауланқызына, сонымен қатар, кафедра профессоры Биболова Алия Сейсенбайқызына берілді, балалар ағзасының дамуына толық психикалық, физикалық, эмоциялық дамуына дұрыс тамақтанудың маңыздылығын атап өтті.
Семинардың басында балаларды дұрыс тамақтану қағидаларымен таныстыратын презентация көрсетілді. Презентация көрсетілгеннен кейін студенттер балалармен белсенді байланыс орнатып, сұрақ-жауап өткізді.
Сонымен қатар, балалардың белсенділігін көтеру үшін музыкалық жаттығу өткізілді.
Содан кейін балалар студенттермен бірге азық-түлік пирамидасы атты ойында презентацияда алынған ақпарат бойынша өз білімдерін азық-түлік иерархиясын бөлу дағдылары арқылы жүзеге асырды.
Әрбір дұрыс жауапқа және сұрақтарға белсенді жауап берген балалар сыйлық алды. Семинардың соңында әрбір бала дұрыс тамақтанудың басы ретінде-сыйлыққа алма алды.
Семинар барысында балаларға рационалды және дұрыс тамақтану тақырып бойынша қанатты сөздер, жұмбақтар, логикалық ойындар өткізілді.
Семинардың соңында көңіл көтеру мақсатында «Орындық» деп аталатын жылжымалы ойын өткізілді.
Өте белсенді балаларға бас дәрігердің орынбасары Алтаева Мейрамкүл Бауланқұлқызы мақтау қағазымен марапаттады.
Қорытында сөзді «Қоғамдық денсаулық сақтау-2» кафедрасының профессоры Биболова Алия Сейсенбайқызына берілді.