«ДӘРІС-ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ» БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ

2023 жылғы 17 сәуірде фармакогнозия кафедрасында 6В10106 «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс В-ФҚАБ-01-20; В-ФҚАБ-02-20; В-ФҚАБ-03-20 топтарының студенттеріне «Фармакогнозия» пәні бойынша «Құрамында флавоноидтары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар» тақырыбында оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып пресс-конференция түрінде ашық дәріс өтті.

Дәрісті фарм.ғ.к., проф.м.а. К.К.Орынбасаровамен бірге М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің биология және география кафедрасының доценті - Т.С. Ибрагимов оқыды.

Алдын ала студенттерге дәріс тақырыбы бойынша үлестірме материалдар таратылды, олар сол материал бойынша өз сұрақтарын дайындады. Дәрістің басында мазмұнына қарай сұрақтар сұрыпталды. Дәрістің барысы әр сұраққа жауап ретінде емес, тақырыпты дәйекті түрде ашу көмектесетін және қойылған сұраққа жауап ала алатын түрде құрылды.

Флавоноидтардың өсімдіктер әлеміндегі таралуы мен биологиялық рөлі, флавоноидтардың құрылымы мен жіктелуінің ерекшеліктері студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Флавоноидтарды зерттеу әдістерінің ерекшеліктері, сонымен қатар көптеген басқа сұрақтар қаралды.
Бұл дәріс пресс-конференциясы ретінде өтті, оның барысында биолог Т.С. Ибрагимов студенттерге флавоноидтардың пайда болу заңдылықтары, өсімдіктерде шоғырлануы және таралуы, өсімдік өміріндегі рөлі туралы айтты.
Студенттерге флавоноидтардың физика-химиялық қасиеттері, флавоноидтарды алу кезеңдері, флавоноидтардың сапалық реакциялары мен сандық анықтамасы, флавоноидтардың фармакологиялық әсері туралы сұрақтарды негізгі лектор фарм.ғ.к, проф.м.а. К. К. Орынбасарова түсіңдірді.

Дәрісті өткізу кезінде инновациялық тәсілдер қолданылды. Қысқа уақыт ішінде қарастырып отырған тақырыптың барлық аспектілері қозғалды, сонымен қатар әр студент өзін қызықтыратын сұрақтарға жауап таба алды. Дәріс - баспасөз конференциясы студенттердің назарын оқу материалдың мазмұнындағы негізгі сәттеріне көңіл аударуға, оқытушының материалды игеру дәрежесіне, студенттердің білімін жүйелеуге, осы пән бойынша таңдалған дәріс жұмысының жүйесін түзетуге бағытталған.
Дәріс соңында лектор студенттердің білімі мен мүдделерінің көрінісі ретінде сұрақтарға қорытынды баға берді.

20.04.2023, 08:56
430 қаралым