«ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ» ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Фармация факультетінің 5 курс және қысқартылған оқу түріндегі 3 курс студенттері 30.05.-10.06.2022 ж. аралығында «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін өтті.

Биылғы оқу жылында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Ұлттық сараптау орталығының Алматы, Қарағанды және Тараз қалаларындағы сынақ зертханалары өндірістік тәжірибе базалары болып табылды.

ZOOM платформасында алдын-ала тәжірибеалды конференция өткізіліп, онда оқытушылар студенттерді тәжірибе бағдарламасымен, тапсырмалармен, оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулармен, күнделіктер, тәжірибені өтуге қажетті әдебиеттермен таныстырды, күнделіктерді толтыру және тәжірибе нәтижесінде сынақты жүргізу бойынша барлық сұрақтарға нұсқаулар берілді.
Әр бір оқу тобына online.skma.edu.kz сайты арқылы виртуалды парақшалар ашылды, онда тәжірибе жетекшілері күн сайын «Нұсқаулықтар», «Тапсырмалар», «Мониторинг-бағалау», «Пайдаланушылар» және т.б. қосымшалар бойынша тапсырмалар жүктеп отырды. «Нұсқаулықтар» бөлімінде студенттер дәрілік субстанциялар, таблеткалар, инъекциялық ерітінділердің фармакопеялық талдауды орындау үшін толық мәлімет алады.

Студенттер тәжірибе базасында нормативті құжат талаптарына сай дәрілік препараттар сапасын бақылаудағы фармацевт-аналитиктің жұмысымен, СОП-ға сәйкес қондырғылар және құрал-жабдықтармен жұмыс жасау тәртібімен танысты.
Өндірістік тәжірибе күнделік толтырумен, тәжірибе базасы берген мінездеме және дифференцирленген сынақпен аякталды.

Тәжірибе аяқталған соң студенттермен аралас форматта қорытынды конференция өткізілді. Тәжірибенің база жетекшілері студенттердің академия қабырғасында алған теориялық және тәжірибелік дағдыларының жоғары деңгейде екендігін атап өтті.
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасынын меңгерушісі, профессор Ордабаева С.К. Академия басшылығының, кафедра ұжымының және студент-тәжірибешілердің атынан ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Ұлттық сараптау орталығының Алматы, Тараз және Қарағанды қалаларындағы сынақ зертханалары өндірістік тәжірибе базаларының жетекшілері А.Т. Кабденоваға, Т.С. Зейналовқа және Х.А. Даурбаеваға алғыстарын білдірді.

28.06.2022, 18:11
522 қаралым