Дәрілік заттарды фармацевтикалық және химия-токсикологиялық зерттеудің өзекті мәселелері

Осы жылдың мамыр айының 29 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында өткен «Фармация және медицинаның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда "Дәрілік заттарды фармацевтикалық және химия-токсикологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері» атты секциялық мәжілісі өткізілді.

567 1

Конференция қатысушылары назарына дәрілік заттар сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи ғылыми мәселелердің өзекті сұрақтары бойынша мазмұнды баяндамалар ұсынылды.

567 2

Секция жұмысында қатерлі ісікке және туберкулезге қарсы әсер көрсететін жаңа биологиялық белсенді қосылыстарды сандық анықтаудың биоаналитикалық әдістемелері, олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалауға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланды.

567 3

Сонымен бірге, ауылшаруашылығының екіншілік өнімдерін фармацияда пайдалану, нанотехнологияны бактерицидті әсер көрсететін жабындылар алуда қолдану сұрақтары да қамтылды.

Дәрілік заттарды химия-токсикологиялық зерттеулер, Оңтүстік Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдік шикізаттарының морфолого-анатомиялық және фитохимиялық зерттеулері тақырыбындағы баяндамалар аз қызығушылық тудырған жоқ.

Фармацевтика ғылымдарының кандидаты И.М. Шариповтың (БММУ, Уфа қ.) 4,5-дибромимидазолдың тиетан туындыларының синтезі мен биологиялық белсенділігін анықтауға арналған баяндамасы аудиторияны ерекше қызықтырды.

567 6

С.В. Ивановтың «Оценка конкурентоспособности лекарственных препаратов группы блокаторов рецепторов ангиотензина  II»  (И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ, Москва қ.), В.А.

567 7

Коротковтың «Изучение микроэлементного содержания плодов маклюры оранжевой» (ОҚМФА, УҰФУ, Харьков қ.), А.Д.

567 8

Кыдыралиеваның «Контактілі әдіспен бактерицидті қасиеті бар, қаптама алу жолы» (М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ.), С.Н. Надированың «Выбор состава подвижной фазы для хроматографирования метронидазола» (ОҚМФА) аса өзекті және тәжірибелік мәні бар зерттеулер болып табылды.

567 9

09.06.2015, 06:05
604 қаралым