ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯ-ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Ағымдағы жылдың 9-10 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым кеңесі және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұйымдастыруымен «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің VIII халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция ТМД елдері және алыс шетел университеттері мен жоғары оқу орындарының үлкен қызығушылығын тудырды.

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушылары «Дәрілік заттарды фармацевтикалық және химия-токсикологиялық талдаудың басым бағыттары» секциялық мәжілісін ұйымдастырды. Конференцияға ҚР және біздің серіктес жоғары оқу орындарының жас ғалымдары – Ш. Бехешти атындағы медицина университеті (Тегеран, Иран), Шираз медицина ғылымдары университеті (Шираз, Иран), Сеченов университеті (Мәскеу, РФ), Ұлттық фармацевтикалық университеті (Харьков, Украина), Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Уфа, РФ), Ташкент фармацевтикалық институты (Ташкент, ӨзР), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Мәскеу, РФ), Перм мемлекеттік фармацевтикалық академиясы (Пермь, РФ), Тәжікстан мемлекеттік медицина университеті (Душанбе, Тәжікстан), Тәжікстан ұлттық университеті (Душанбе, Тәжікстан) және М.В. Ломоносов атындағы ММУ филиалы (Душанбе, Тәжікстан Республикасы), И.К.Ахунбаев атындағы Қырғызстан мемлекеттік медицина академиясы (Бішкек, ҚырР), “Манас” Қырғыз-Түрік университеті (Бишкек, РК), персоналды медицина орталығының фармакокинетика зертханалары ГБУЗ «И.В. Давыдов атындағы ГКБ» Денсаулық сақтау басқармасы (Мәскеу, РФ), Республикалық сот-медицина сараптамасының ғылыми-тәжірибелік орталығы филиалы (Гүлістан, ӨзР).

Ш. Бехешти атындағы медицина университетінің ғылыми қызметкері Мариям Кабири пленарлы мәжілісте «Потенциальные ингибиторы основной протеазы Sars-Cov-2 и модуляторы пути арахидоновой кислоты: нестероидные противовоспалительные препараты против СOVID-19» атты ғылыми жұмысын баяндады. СOVID-19 кезінде тиімді дәрілік препараттарды іздестіру және жасау саласына арналған жұмыс өзектілігі үлкен қызығушылық тудырды.


Секциялық мәжілісте серіктес жоғары оқу орындарының магистранттары, докторанттары және студенттері дәрілік заттардың тиімділігін, қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады. Баяндамалар қызу талқыланып, әрбір баяндамашы өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жоғары дәрежеде жеткізе білді.


Конференция нәтижесі бойынша қатысушыларға сертификаттар, ал жүлделі орын алғандарға дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. И.М. Сеченов атындағы МММУ студенті М.Токараеваға және Ш. Бехешти атындағы медицина университеті Фармация Мектебі студенті М.Месба дипломдармен марапатталды.

Конференция қатысушылары мен қонақтары ұйымдастырушыларға жоғары деңгейдегі ұйымдастыру жұмыстары мен қарым-қатынас жасауға, пікір алмасуға мүмкіндік бергендері үшін алғыстарын білдірді.

15.12.2021, 16:22
462 қаралым