Дәрілік заттар сапасын бақылау және химия-токсикологиялық талдаулардың басты ғылыми бағыттары

2015 жылдың 9-10 желтоқсан күндері Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасы бірінші Президентінің Фонды мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы бірлесіп ұйымдастырған жас ғалымдар мен студенттердің  «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты III халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді.

670 1 1

«Дәрілік заттар сапасын бақылау және химия-токсикологиялық талдаулардың басты ғылыми бағыттары» секциясы бойынша 16 доклад және 28 мақалалар ұсынылды.

Секция мәжілісіне «ОСЭЭ» ОҚО РМҚК санитарлы-гигиеналық бөлім меңгерушісі  А.К.Абдиева қатысты.

670 2 2 

Секция мәжілісінде ОҚМФА 3-5 курс студенттері, М. Әуезов атындағы ОҚМУ және ОҚМФА магистранттарының ғылыми жұмыстары тыңдалды, сонымен бірге, Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-9 сынып оқушылары өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерін алғаш рет баяндады.

670 3 3 

Секция мәжілісі барысында жас ғалымдар толық зерттелмеген дәрілік заттарды фармацевтикалық талдау, жаңа биологиялық белсенді қосылыстардың сандық мөлшерін анықтау әдісін валидациялау, биологиялық материалдан токсиканттарды оқшаулау әдістерін жасау және талдау, дәрілік өсімдік шикізатын фитохимиялық талдау және стандарттау, жалпы химиялық технология  саласындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды.

670 4 4 

Баяндамалар мен пікірталастарды талқылап болған соң, барлық секция мәжілісіне қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Секцияның байқау комиссиясы баяндамаларға қойылатын өлшемдер, барлық ескертулер мен ұсыныстар негізінде жасырын дауыс беріп, соның нәтижесінде конференцияның ұйымдастыру комитетіне ең үздік баяндамаларды ұсынды.

670 5 5

Конференцияның жабылу салтанатында әр секцияның ең үздік ауызша ғылыми жұмыстарын жариялады. «Дәрілік заттар сапасын бақылау және химия-токсикологиялық талдаулардың басты ғылыми бағыттары» секциясы бойынша келесі ғылыми жұмыстар ең үздік деп танылды: «Биологиялық матрицадан оқшауланған сульфанилмочевина туындыларын идентификациялау» 403 ФК топ студенті  Мирсоатова М.

670 6 6 

және «Rhodiola Semenovii (Boriss) тамыр сабақтары мен тамырларының элементтік құрамын және онын сандық мөлшерін зерттеу» 2 оқу жылы магистранты Нурханова Г.Ж.

670 7 7

17.12.2015, 00:18
586 қаралым