ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІ МӘДЕНИ ӨСІРУ

Фармакогнозия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен, 1, 2, 3, 4 курс студенттерімен, магистранттармен және докторанттармен Қасқасу, Ынтымақ аумақтарына дәрілік өсімдіктерді отырғызылды.
Бірлескен күшпен 3 гектар жерге дәрілік өсімдіктерді өсіру жоспарланып, оның периметрі бойынша жергілікті табиғи жағдайларға барынша сәйкес келетін өсімдіктер егілді.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап фармакогнозия кафедрасында көшет өсіру процесі басталып, Ынтымақ учаскесінде сәуір айында көшеттер егілді, ал сол жылдың мамыр айында Қасқасу учаскесінде экстремалды жағдайлардың болуына қарамастан гүлдейтін өсімдіктер отырғызылды.

Дәрілік өсімдіктерді мәдени өсіру үшін негізінен ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын қағидалар қолданылады, бірақ сонымен бірге бұл өсімдіктердің белгілі бір ерекшеліктерін ескеру қажет.

Әрбір дәрілік өсімдік ерекше тәсілді және жергілікті жағдайларға арналған өсіру технологиясын әзірлеуді талап етеді. Дәрілік өсімдіктерді егу белгілі бір аймақтағы қатаң белгіленген мерзімде жүргізілуі керек.

Дәрілік өсімдіктерді өсіру экологиялық жағдайы жақсы жерлерде дамуы керек. Республикада экологиялық таза өнім нарығын құру, табиғи шикізаттан экологиялық таза өнім өндіруді экономикалық реттеу, осы мақсаттарға инвестицияларды тарту Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

13.05.2022, 18:00
498 қаралым