«Дәрілік өсімдіктер мен табиғи қосылыстар химиясы зерттеулерінің заманауи жетістіктері» секциялық отырысының қорытындысы
2017 жылдың 21-22 сәуір күндері ОҚМФА мәжіліс залында «Заманауи фармация мен медицинадағы инновациялық жетістіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталмыш конференцияда 7 секция қызмет атқарды. Фармакогнозия және химия кафедрасы «Дәрілік өсімдіктер мен табиғи қосылыстар химиясы зерттеулерінің заманауи жетістіктері» секциясына жауапты болды. Секцияның модераторлары Данаил Дончев - «Химфарм-Санто» АҚ Зерттеу және жобалау департаментінің директоры; Ә.Қ.Патсаев – х.ғ.д.,профессор, фармакогнозия және химия кафедрасының меңгерушісі; К.Дж.Кучербаев – х.ғ.к., дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері; Ж.С.Тоқсанбаева – профессор м.а., фармакогнозия және химия кафедрасының аға оқытушысы тағайындалды.
Жалпы секцияда 32 мақала, оның ішінде 3 мақала Өзбекстан, 2 мақала Украина және 1 мақала Ресейден қабылданды. Секциялық отырысты Ә.Қ.Патсаев өзінің құттықтау сөзімен ашық деп жариялады. Фармакогнозия және химия кафедрасының магистранттары, профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер белсене қатысып, баяндамаларын оқыды.
Секциялық отырыс соңында комиссия мүшелері бірегей шешім бойынша «Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу» зертханасының ғылыми қызметкері Р.А.Козыкееваның «Morphological and anatomical features of the Agrimonia asiatica herb» ең үздік баяндама болды.
Сонымен қатар, 1 курс магистранттары: Н.Д.Исмайлов, А.М.Джантураева және А.М.Өтегенов, 2 курс магистанттары: Л.Т.Бадалова мен Е.Т.Алиев жасаған баяндамаларды мазмұнды болғанын атап өтті. Баяндамашылардың барлығына сертификаттар табысталды.