Дүниежүзілік отбасы күнін өткізуге аңдатпа
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол» Қазақстан халқына Жолдауында « … Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік», - деп атап айтқан.
Қазіргі уақытта берік отбасының мәртебесін күшейту маңызды. Отбасының әр адамның өміріндегі басты тіреуі екенін үлгі етіп балаларға көрсету қажет. Бұл адамның өмір жолдарын тоғыстырады. Сонымен, сау берік отбасын құру - тек біздің құқығымыз ғана емес, балаларымыздың алдындағы міндетіміз болып табылады.
Отбасы — ұрпақтан-ұрпаққа біздің мәдени құндылықтарымызды, ұлттық дәстүрімізді сақтау мен беруге арналған маңызды орта, сондықтан ол әрбір отбасы мүшесінің денсаулығын сақтаудың мен нығайтудың негізі болып табылады.
2015 жылғы Халықаралық отбасы күні отбасы институттарының рөлін арттыру, репродуктивтік денсаулыққа ортақ жауапкершілікпен қарауды, өзіңнің және жақындарыңның денсаулығына қатысты жауапты қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар өмірге дені сау балалардың келуіне жағдай жасау мақсатында «Отбасы – ұрпақтың саулығы, ұзақ өмір сүруі мен сабақтастығы» ұранымен өтеді.