Дүниежүзілік банктің «Тәжікстан Республикасында фармацевтикалық білім беруді инновациялық дамыту» жобасының қызметін жүзеге асыру

2020ж. 17 мен 20 қараша аралығында жобаның техникалық тапсырмасына сәйкес іс-шаралар жалғасын тапты.

1598 1

Семинар спикерлері, оқу-әдістемелік орталықтың жетекшісі және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының (ОҚМА) білім беру бағдарламалары комитетінің төрағасы «Фармацевтикалық білім беруді дамытудың заманауи мәселелері және перспективалық бағыттары» атты баяндама жасады, «Фармация» білім беру бағдарламасының мақсаттарын, Тәжік Мемлекеттік Медицина Университетінің (ТММУ) «Фармация» білім беру бағдарламасының мазмұнын дамыту және жетілдіру жоспарларын әзірлеу үшін ақпарат берілді.

ОҚМА оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі ҚР Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістемелік бірлестігінің «Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық кадрларды даярлау тұжырымдамасы» жобалық басқару тобының тәжірибесін, фармацевтикалық кадрларды даярлаудың халықаралық тәжірибесі, фармацевтика саласын кадрлармен қамтамасыз ету, кадрларға деген қажеттілік мәселелері - проблемалары мен шешу жолдары, жобаларды басқару тобының жұмыс жоспары және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында «Фармация» білім беру бағдарламаларын дамыту перспективалары жайлы ақпараттар ұсынылды.

Семинардың практикалық бөлімі «Фармация» білім беру бағдарламасының түлегі үшін оқу нәтижелерін дамытуға арналды. ТММУ өкілдері үш практикалық тапсырманы орындады. Білім беру бағдарламасы, модульдер және жеке пәндер деңгейінде оқыту нәтижелерін дамытудың толық әдістемесі, Дублин дескрипторлары және Блум таксономиясы ұсынылды.

27.11.2020, 11:46
320 қаралым