«Дәлелді медицинаның заманауи аспектілері» тренингі

Оқу бағдарламалардағы дәлелді медицинаның қағидаларына, клиникалық хаттамаларды енгізу мониторингке,  ОҚМФА ПОҚ потенциалын жоғарылатуына негізделген заманауи ғылым мен денсаулық сақтау жетістіктерін енгізу мақсатында және «Жол картасы» бойынша  іс-шаралар мен 2016-2019 ж.ж. арналған ҚРДСМ «Медициналық білімді жаңарту» жобаны жүзеге асыруға сәйкес  2018 жылдың 7 мен 9 ақпан күндер аралығында дәлелді медицина бөлімі «Дәлелді медицинаның заманауи аспектілері» атты семинар-тренинг өткізді.

1063 1 1

Тренинг келесі ОҚМФА кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамы үшін  өткізілді: фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы, фармацевтикалық ісін басқару және ұйымдастыру кафедрасы, фармакогнозия және химия кафедрасы, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы. Тренинг жүргізушілер дәлелді медицина бөлімінің бастығы м.ғ.к. К.Е.Ахмадиева, доцент м. а., м.ғ.к. Л.Т. Касаева, медиатека маманы Мамытова Д. М. болды. Тренинг ОҚМФА медиатека 126 аудиториясында өткізілді.

Оқыту қазіргі заманауи мультимедиялық  технологияларды және интернетті қолданылып, интерактивті түрде өтті. Тренингте кіші топпен жұмыс, дидактикалық мәліметтерді қолдана отырып, талқылау және презентация қолданылды. Оқыту бағдарламасы мына сұрақтарды қамтыды: терминология, ДМ кезеңдері, клиникалық дәрігерлерге арналған ДМ компетенциялары, оқытушыларға , зерттеу дизайны, зерттеулердің жағдайлық бағалау, мақалалар, медициналық ақпараттарды іздену, клиникалық әдістемелік, клиникалық хаттамалар, оқу үдерісіне мониторингті енгізу, кафедрааралық бірлесу, оқу үдерісіне дәлелді медицина қағидаттарын енгізу.

Дәріс барысында алынған мәліметтер медициналық базалардан деректерді іздеу және ұсынылған ғылыми медициналық мақалалардың сапасын бағалау тәжірибелік жұмыстармен бекітілді. 

PICO  әдісі бойынша клиникалық сұрақтарды тұжырымдау, ғылыми мақалалардың сапасын талдау, AGREE  сауалнамасы  мен клиникалық әдістемелік талдау,  MCQ тесттік форматта кетерде ұсынылған материалдардан тест жүргізілді.  

Тренинг тиімділігін  бағалау үшін  кірерде және шығарда ПОҚ-тан  кері байланыс алынды. Қорытынды бағалау осы тренинг қатысушыларының білім деңгейінің едәуір жоғарылағанын көрсетті. Сертификаттар тапсырылды. 

13.02.2018, 05:31
373 қаралым