Дөңгелек үстел: «Паллиативті көмек көрсетуде коммуникативті дағдылардың өзектілігі»
Т. Орынбаев атындағы Облыстық Гипербариялық оксигенациялау орталығында «Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі» кафедрасы, 402 тобының бакалавр-студенттері, «Токсикология» мен «Паллиативті көмек және мейірбикелік күтім» бөлімшерінің мейірбикелерімен «Паллиативті көмек көрсетуде коммуникативті дағдылардың өзектілігі» атты дөңгелек үстел 2016 жылдың 14 желтоқсан күні ұйымдастырылды.
Модераторлар м.ғ.к, доцент Сейдахметова А. А., ассистент Ходжакулова У. А. болды.
Дөңгелек үстелдің жұмысына бірінші және екінші оқу жылы магистранттары, ассистенттер Султанова Ж. С. мен Калменов Н.Д. қатысты.
2016-2020 жж арналған «Денсаулық» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасында барлық денсаулық сақтау қызметкерлері науқастың қажеттілігін интеграциялау негізгі бағыты болып табылады.
Емделмейтін науқастың және оның отбасының медициналық, психологиялық, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру - паллиативтік медицинаның басты қағидалары болып табылады.
Дөңгелек үстелде біздің республикамыздың паллиативті көмек көрсетуде өзекті мәселелер талқылынды: паллиативті көмек көрсету үшін мамандардың жетіспеушілігі, терминалды науқастарға көмек көрсеткенде стандарттардың жоқтығы, наркотикалық және ауру басатын анальгетиктардың жетіспеушілігі.
Студенттер рөлдік ойында науқас пен мейірбикенің арасында жағымды қарым-қатынас құру үшін коммуникацияның маңызын көрсетті. Студенттер мысалы ретінде артериялық қан қысым мен дене қызуын өлшегенде келесі қадамдарды көрсетті: манипуляция туралы алдын алу түсіндіру, манипуляция кезде түсіндіру, нәтижені айту.
Қорытынды сөзбен «Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к, доценті Сейдахметова Айзат Ашимхановна және «Паллиативті көмек және мейірбикелік күтім» бөлімшесінің аға мейірбикесі аяқтады.